Астанада өтіп жатқан сот отырысында Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді марқұмның соққыға жығылған кезіндегі суретін көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ағасының сөзінше, суретті 2023 жылдың наурызында Салтанат Нүкенованың өзі жіберген. Бұл жағдайдан соң Айтбек Амангелді қарындасын алып кетпек болған екен. Алайда марқұм бұған келіспеген.
«Мен оған «Егер соққылар қатты болса, ол (Қуандық Бишімбаев) сені өлтіріп тастайды» дедім. Бірақ Салтанат бұл оның өмірі екенін және кетпейтінін айтты», – деді Айтбек Амангелді.
Астанада экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. Бүгін, 29 наурызда сотта Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді куәлік беруде.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!