Сәрсенбі, 24 сәуiр, 00:19

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Тест: Сіз қандайсыз?

03.02.2023

841 0

Суретте көрсетілген түрлерден жаныңызға жақын, көзіңізге жылы ұшыраған бейнені таңдаңыз. Сурет нөміріне сәйкес мәтінді оқып, өзіңізді таныңыз.

  1. Сіз еліктіргіш адамсыз. Нағыз шынайы да пәк махаббаты армандайсыз. Оны ешқашан таппаймын ба деген уайымыңыз да бар. Алаңдамаңыз, ниетіңізге сай адам жолығарына сеніңіз. Өмірге құштар, аса жайдары жансыз. Бірақ жүрегіңізде сезім сергелдеңі салған тыртықтар бар. Адамдармен араласқанда кез келген кісіні түсінуге тырысып, оның орнына өзіңізді қойып көресіз. Қарапайым әрі тіл табысқыштық қасиетіңізбен басқаларды бірден баурап аласыз.
  2. Тиянақты әрі тұйық адамсыз. Сырт көзге жолы болғыш, бақытты жан боп көрінесіз. Бір көргенде бәрі жақсы көрінер. Сіздің ойыңызды оқу қиын, барлығын санада сараптап атқарасыз. Ішкі сезімдеріңізді сыртқа білдіргіңіз келмейді. Нағыз кемелденген тұлғасыз десек те болады. Өзгелерден үйренеріңіз де, үйретеріңіз де көп. Қоғаммен тығыз байланыстасыз, өзіңізге мұқтаж жанға қол ұшын созуды борышыңыз санайсыз.
  3. Адам түсініп болмайтын, ұстамсыз адамсыз. Бөлмедегі ең жарық шамсыз. Өмірде ешқашан тоқтамайтын моторсыз. Басыңыз тың идеяға тұнып тұр. Ішіңізде үнемі үзіліс пен қарапайым жағдай жарысып жүреді. Барды бар күйінде қабылдай алмайсыз.
  4. Ашық әрі ақылды. Жақсы кітап оқудан ләззат аласыз. Өзге әлемге енген сізге өте ұнайды. Тереңнен ойланатын, көмбіс адамсыз. Жаңалықтар мен жаңа ойларға жаныңыз ашық. Әдепті де әділ жан деген сипаттама да сізге тән. Сіз үшін өмірдегі ең бастысы – өзіңіздің алдыңызда, арыңыздың алдында таза болуыңыз. Дүниетанымыңыз кең, тәуелсіз, ақылды адамсыз. Өзіңізді өте мақтан тұтасыз, бірақ тек іштей ғана, сырт көзге мұны байқатпайсыз.
  5. Уайымшылдық әрі жолы болғыштық қасиеті қатарынан бір бойыңыздан табылады. Сезімтал, инабатты, парасатты, қайырымды жансыз. Әлемге бір мысқал болса да жақсылық жасауға ұмтыласыз. Әр күннен толықтай пайда алу – мақсатыңыз. Әлемді өзгерту қолыңыздан келмегенімен, өзгелердің өмірін өзгерте білесіз. Үнемі жолыңыз болады.
  1. Жайдары да жағымды жансыз. Сіз секілді өмірге құштар, жарқын жанға қызықпау мүмкін емес. Айналаңызды қоршаған әлемді аса ынтызарлықпен бақылайсыз. Достарыңыздан еш алшақтамайсыз. Сырғыған секундтарды қуаныш пен шаттыққа толтыруды қалайсыз, мұңаятын сәтіңіз сирек. Әзілдің түбін түсіресіз, сіз сөйлесеңіз, барлығы күле береді. Жай ғана өмір сүруден ләззат алатын жандарға жақын жүресіз.
  2. Қуаты мол және табысты жансыз. Сырт көзге бейберекет адам боп көрінуіңіз мүмкін, бұл сіздің алаңғасарлығыңыздың көрінісі. Ауада бірнеше шармен көз алдай аласыз, себебі көпқырлы режимде қалай жұмыс істеуді жақсы білесіз. Мақсатыңыз айқын, оған жететін жігеріңіз жанып тұр. Арманыңыздан бір қадам ажырамайсыз, адым басқан сайын алдыңыздан тек сәттілік күтеді. Мол жауапкершілікті сезіне отырып шешім қабылдайсыз.
  3. Әділ де кеңпейіл. Адамдар жанында сіз жұрмесеңіз, босаңсып кетеді. Табиғатыңыздан аяқта тік тұруға бейімсіз. Әрдайым турашылдық ұстанасыз, әр тұлға бойындағы артықшылығын айрықша бағалайсыз. Барлығын әрдайым ризасыз, өмірді сүйесіз. Үнемі күлімдеп жүресіз. Жолдастарыңыз аузыңызды ашқанда жүрегіңіз көрініп тұрар қасиетіңізді құрметтейді.
  4. Мейірімдісіз, балығын айтқызбай-ақ ұғасыз. Өмірге көзқарасыңыз кең. Кез келген кісінің жанын түсінесіз, өте кешірімдісіз. Тыныш та бырқалыпты тіршілікті жаныңыз қалайды. Әлемде және миыңызда орын алатын шуды жақтырмайсыз. Миыңызды тынықтыруға уақытыңыз артылса, сізден бақытты жан болмайды.

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/kyizdarga/psihologiya/39947/

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: