Бейсенбі, 05 наурыз, 11:41

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№17 (2229)
03.03.2026
PDF мұрағаты

«Шетелде айлығы жоғары жұмыс бар»: ІІМ ескерту жасады

05.03.2026

61 0

Фото: kursiv.media мұрағаты

Интернетте «шетелде айлығы көп жұмыс» ұсынамыз деген хабарландыру көбейді. Ішкі істер министрлігі мұның артында алаяқтар тұруы мүмкін екенін ескертті, – деп хабарлайды  kursiv.media

«Алаяқтар әлеуметтік желілерде, мессенджерлер мен түрлі хабарландыру сайттарында табысы жоғары, жол ақысы мен жатын орны тегін, тәжірибе мен тіл білуді талап етпейтін оңай жұмыс ұсынамыз деп хабарландыру жасайды. Мұндай хабарландырулар көбіне Telegram-дағы арналарда, WhatsApp топтарында және өзге де онлайн алаңдарда таратылады», – делінген хабарламада.

ІІМ дерегінше, шетелге барған соң жағдай басқаша болуы мүмкін. Алаяқтар құжатты тартып алып, еркін жүріп-тұруға шектеу қояды. Интернет-алаяқтыққа күштеп тартады. Уәде етілген жалақы берілмейді. Тіпті елге қайтару үшін ақша сұрайтындар бар.

Полиция кеңесі:
– шетелге жұмысқа тек лицензиясы бар агенттіктер арқылы барыңыз;
– жұмыс берушіні және келісімшарт талаптарын жан-жақты тексеріңіз;
– құжаттарыңызды бөтен адамға бермеңіз;
– қайда баратыныңызды жақындарыңызға алдын ала хабар беріңіз.

ІІМ егер күмән туса, бірден құқық қорғау органдарына хабарласуға кеңес береді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: