Бейсенбі, 19 ақпан, 19:19

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№13 (2225)
17.02.2026
PDF мұрағаты

Шиелі ауданында ардагерлермен Конституция жобасы талқыланды

19.02.2026

48 0

Шиелі ауданындағы «Руханият» орталығының мәжіліс залында аумақтық коалиция өкілдерінің қатысуымен аудан ардагерлерімен кездесу өтті. Іс-шара барысында жаңа Конституция жобасының мазмұны мен негізгі бағыттары таныстырылды.

Жиынға коалиция мүшелері Мұрат Тұрабаев, Жібек Баймұратова, Өркен Исмаил, Абдумомын Алдияров, Қалмырза Қасымов, Сәбитхан Досанов, Нұрболат Пірімбет, Гүлдана Жақыпова, Ержан Әбдешов, сондай-ақ аудан имамдары, ардагерлер және аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы қатысты.

Шиелі ауданында ардагерлермен Конституция жобасы талқыланды

Кездесу барысында Конституция жобасында көзделген негізгі қағидаттар кеңінен түсіндірілді. Атап айтқанда, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін жетілдіру, әлеуметтік әділеттілік қағидатын нығайту, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті сақтау, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту және азаматтардың мемлекеттік басқару ісіне қатысу мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері талқыланды. Сонымен қатар ұлттық құндылықтарды сақтау, отбасы институтын қолдау, еңбек қатынастары және заң үстемдігіне қатысты нормаларға назар аударылды.

Жиын соңында қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын ортаға салды. Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: