Қызылорда облысы Шиелі ауданында газ құбырлары жарылды деп хабарлайды aqmeshit-aptalygy.kz ақпарат агенттігі Шиелі ауданы әкімдігіне сілтеме жасап.
«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалы ағымдағы жылдың 19 ақпан күні сағат 12:00 шамасында жоғары қысымды газ құбырында апаттық жағдай орын алуына байланысты, қазіргі таңда жөндеу-профилактикалық жұмыстары жүргізіліп жатқандығын, осыған орай Шиелі ауданы бойынша тұрғындарға, өндірістік және коммерциялық-тұрмыстық объектілерінің тұтынушыларына табиғи газ беру уақытша тоқтатылады – деп хабарлайды Шиелі ауданы әкімдігі.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!