Дүйсенбі, 30 желтоқсан, 22:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№102 – 2112
28.12.2024
PDF мұрағаты

Шығыс Қазақстанда алғашқы қар жауды

14.08.2023

509 0

Шығыс Қазақстан облысында биыл алғашқы қар ерте түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Катонқарағай ауданындағы Алтай тауының ең биік нүктесі Мұзтау шыңына қар түскен. Бұл туралы сол жердегі Altay-pro альпинистік лагерьінен мәлім етті.

«Шығыс Қазақстандағы Мұзтау шыңына алғашқы қар жауды. Соңғы 10 жыл көлемінде қардың осыншама ерте жаууы алғаш рет. Бірақ қар тез еріп кетті», – дейді Көккөл сарқырамасының маңында орналасқан туристік лагерь жетекшісі, альпинист Вячеслав Орлов.

Оның айтуынша, бұл күні түнде су қатқан жоқ, ал төмендегі Берел қорғандары аймағында күн ашық және жылы болды.

Еске салсақ, былтыр Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының іргесіндегі таулы жерлерде алғашқы қар 18 тамызда түскен болатын.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: