Сейсенбі, 21 мамыр, 14:15

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№40-2050
21.05.2024
PDF мұрағаты

Ұлық мерекеде қазақы шаралар өтеді

27.06.2023

448 0

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің бас имамы Болатбек Әбуов пен облыстық дін істері басқармасының басшысы Бауыржан Қамзаев құрбан айт мерекесіне орай баспасөз мәслихатын өткізді.

Облыстық дін істері басқармасының басшысы Бауыржан Хамзаев құрбан айт мерекесіне орай облыстағы аз қамтылған және әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар мен мұқтаж жандарға қайырымдылық көрсетілетінін жеткізді. Сондай-ақ күллі мұсылман халқын құрбан айт мерекесімен құттықтады.

Бас имам аймақта айт намазын оқу уақыты 06:00 болып бекітілгенін жеткізді.

− Биылғы жылы да құрбан шалу онлайн www.qurban2023.kz сайты арқылы және офлайн форматта өтетін болады. Қызылорда қаласының діни рәсімі мешіттерде емес, дәстүр бойынша арнайы жасақталған «Нұрболат» (Т.Абуов, 29) және «КЗО ЕТ» (Көкжиде, 56) қасапханалары таңдалып отыр. Арнайы құрбандыққа шалынған ет «Бақытты отбасы» орталығынан алынатын тізім бойынша, мұқтаж отбасыларға мешіт еріктілерінің көмегімен жеткізіледі – деді бас имам

Онлайн форматты түсіндірер болсақ, құрбан шалушы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған qurban2023.kz сайты арқылы құрбандық малын таңдап, көрсетілген реквизитке қажетті қаражатты аудара алады. Құрбандыққа қой мен ешкіні жеке адам, ал ірі қара мен түйені бір немесе жеті адам бірігіп шалса болады. Бұдан кейін төлем барысында хабарламаға тапсырыс нөмірі мен құрбандық шалушының аты-жөнін жазу міндетті. Құрбандық шалынған соң оның фото және бейне есебі тапсырыс беруші көрсеткен уатсап нөмірге жіберіледі.

Бас имам ұлық мейрамның құрметіне орай, облыстық, қалалық, аудандық мешіттер жанынан киіз үйлер тігіліп, дәстүрімізге сай думанды шаралар мен ұлттық ойындар, қайырымдылық акцияларын өткізуге әрі аудан орталықтарында да арнайы мал сою орындарын дайындап жатқандығын жеткізді.

Н.Алтын

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: