1 Наурыз «Алғыс айту» күні күрделі заманды иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне құрмет білдіретін күні. Осыған орай қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №1 кітапханасы «Шын жүректен мың алғыс» атты мерекелік кеш өткізді.
Шараға мәдениет қызметкерлер, ардагерлер, белсенді оқырмандар мен М.Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледжінің студенттері қатысты. Ал С.Майқанова атындағы мәдениет үйінің директоры Толқын Жанахметова құттықтап, «Алғыс айту» күнінің маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ Тасбөгет кентінің ақсақалдар төрағасының орынбасары, қоғамдық кеңес мүшесі Олжабай Тобағабылов сөз алып, еліміздің амандығын тіледі. Меркелік шарада «Болашақ» жоғарғы медицина колледж студенттеріні «Орыс бен Өзбек айтысы» тақырыбында қойылым көрсетіп, №1 қалалық кітапхананың кітапханашысы Айнұр Тайлыбаева «Тренинг ойын» бағдарламасын өткізді. Сонымен қатар кең көлемді кітап көрмесі бойынша әдебиеттерге шолу жасалды.
Кеш соңында С.Майқанова жанынан құрылған «Бастаңғы» әжелер ансамблі «Ой бұраң бел»халық әнін орындап, жас өнерпаздары әннен шашу шашты.
Айбек ЖАҚСЫЛЫҚ
Қорқыт ата атындағы
Қызылорда университетінің
IV курс студенті
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!