Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 09:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйін талдау

27.04.2023

838 0

сурет ашық дереккөзден алынды

Тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйін талдау бәсекелестік деңгейін айқындау, үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерін анықтау, бәсекелестікті қорғау мен дамытуға, монополистік қызметтің алдын алуға, шектеуге және жолын кесуге бағытталған шаралар кешенін әзірлеу мақсатында, оның ішінде:

Бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізу үшін тауар нарықтарын іріктеуді жүзеге асырудың мақсаттары:бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізу үшін тауар нарықтарын іріктеудің басымдылығын айқындау және бәсекелестікті қорғау және дамыту, оның ішінде монополистік қызметтің алдын алу және жолын кесу бойынша жүргізілетін жұмыстың тиімділігін арттыру болып табылады.

Тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйін талдау 8кезеңнен тұрады:

Нақ сол бір тауар нарығында айналатын, алмастырушысы немесе бірін-бірі өзара алмастыру тауарлары жоқ тауарды бірін-бірі өзара алмастыру өлшемшарттарын айқындау рәсімі: тауардың атауын айқындау,сатып алушының таңдауын айқындайтын тауардың қасиеттерін және осы тауар үшін әлеуетті бірін-бірі өзара алмастыратын болып табылатын тауарларды айқындау, бірін-бірі өзара алмастыратын тауарларды айқындауды қамтиды.

  Тауар нарығының шекаралары, егер оны осы аумақтан тысқары жерлерде сатып алу экономикалық, технологиялық және басқа да себептер бойынша орынсыз болса, тұтынушылар тауарды немесе бiрiн-бiрi өзара алмастыратын тауарды сатып алатын аумақты айқындайды.

  Тауар нарығын зерттеудің уақыт аралығы зерттеу мақсатына, тауар нарығының ерекшеліктеріне және ақпаратқа қол жеткізуге байланысты айқындалады.

Тауар нарығында жұмыс істейтін нарық субъектілерінің құрамына белгілі бір уақыт аралығы шегінде оның шекараларында қаралатын тауарды өткізетін барлық нарық субъектілері кіреді.

  Қаралатын нарық шекара шегіндегі уақыттың белгілі бір кезеңіндегі тауар нарығы көлемінің есебі (бұдан әрі – тауар нарығының жалпы көлемі) тауарды немесе бірін-бірі өзара алмастыратын тауарларды әкелу мен әкету көлемдерін ескере отырып, нарық субъектілерінің тауарды немесе бірін-бірі өзара алмастыратын тауарларды заттай немесе құндық көрсеткіштерде өткізу сомасы ретінде айқындалады.

  Нарықтың шоғырлану коэффициенті, нарық шоғырлануының индексі айқындалады.

Тауар нарығында қызметті бастауға нарық субъектілеріне кедергі келтіретін немесе қиындық тудыратын және шектейтін мән-жайлар немесе іс-әрекеттер айқындалады.

тауар нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне жүргізілген талдау нәтижелері бойынша қорытындыда көрсетілетін тұжырымдар бөлімінде жалпы ережелер, зерттеудің уақыт аралығы, тауар нарығының шекарасы, қаралып отырған тауар нарығында жұмыс істейтін нарық субъектілерінің құрамы, нарықтың көлемі және нарық субъектілерінің үлесі, нарық шоғырлануының деңгейі, нарыққа кіру тосқауылдары, тауар нарығында бәсекелестіктің жай-күйін бағалау, қаралып отырған тауар нарығында бәсекелестікті дамыту жөніндегі ұсынымдарқамтылады.

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті

қорғау және дамыту агенттігінің Қызылорда

облысы бойынша департаменті

Бәсекелестікті дамыту бөлімі

Д.Тлепбаева

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: