Сенбі, 20 сәуiр, 01:11

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

ҚАЗІРГІ ҚОҒАМДА ӘКЕЛЕРДІҢ РӨЛІ ҚАНДАЙ?

03.12.2020

1251 0

«Nur Otan» партиясының Қазалы аудандық филиалында «Қоғамдағы әкелердің рөлі» тақырыбында зиялы қауым өкілдерімен кездесу болып өтті.
Зиялы қауым өкілдерімен өткен кездесуді аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәмбетжан Қасқырбек Өмірзақұлы ашып, жүргізіп отырды.
«Қоғамдағы әкелердің рөлі қандай?» деген сауалдағы кездесуге түрлі салада қызмет ететін, отбасының ұйытқысы, қоғамның құрметтісі болып жүрген азаматтар мен жас отбасын құрған әкелер қатысып, әке мен бала арасындағы тәрбиенің маңызы, қоғамдағы әкелердің белсенділігі мен рөлі жайында талқылады.
«Отбасындағы да қоғамдағы да әкенің рөлі өте зор. Олардың орны төрде. Жасыратыны жоқ, соңғы кездері отбасындағы әкенің беделі төмендеп кетті. Аналардың рөлі бірінші орынға шығып, ұлдарына айбарын көрсетіп, жұбайына нық сөзін айтатын жігерлі жігіттер қатары сиреді. Сондықтан, балаларына, жарына бәрін назарымен-ақ түсіндіретін бұрынғы әкелердің рөлін қайтару керек.»-деді денсаулық сақтау саласының ардагері Орақ Кеубасов.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: