Сенбі, 21 желтоқсан, 22:52

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Су тасқынынан зардап шеккендерге 31 миллион теңге төленеді

05.04.2023

1163 0

Қаратал ауылының еріген су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарына өтемақы төленеді. Оларға 31 миллион теңге бөлінді деп хабарлайды “Хабар 24” арнасы.

Арнайы комиссия апаттан келтірілген залалды зерттеп, Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Қаратал ауылында жұмысын аяқтады. Мамандар шығын көлемін бағалады.

«Бүгінгі таңда залал толығымен анықталды. 31 млн теңге. Бұл сома зардап шеккендерге төленеді. Олар өз күштерімен тұрғын үйді қалпына келтіруі керек. Біз де көмектесеміз, бәрін қалпына келтіреміз. Сәуір айында резервтен ақша төленеді», – деді Ойыл ауданының әкімі Асқар Қазыбаев.

Ауылдың 11 үйінің тұрғындарына 31 миллион төленеді. Мұндай залалды арнайы комиссия мүшелері белгіледі.

Осыған дейін Ойыл ауданындағы Қаратал ауылының тұрғындары су тасқыны салдарынан эвакуацияланғаны хабарланды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: