Сыбайлас жемқорлық – қоғамдық өмірдегі ең қауіпті факторлардың бірі. Онымен күресу және алдын алу бағытындағы мемлекеттік стратегияның басты қағидаты адамдар арасында сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы мәдени сананы қалыптастырудан бастау алады.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес еліміздің стратегиялық дамуының негізгі басымдықтарының бірі екенін атап өтті.
Осы орайда, сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауаттылығын арттыратын түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттырудың маңызы зор. Халық өз құқығын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет. Конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністерінің деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту бүгінгі күндегі басты принципі болып отыр.
Қызылорда қаласы әкімдігінде де бұл бағыттағы жұмыстарға байланысты жоспарлы шаралар жүзеге асырылуда. Күнделікті қызметкерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәуекелдерді болдырмау, оның қарсы иммунитет қалыптастыруда ақпараттық-насихат және түсіндірме жүргізіліп келеді. Осының нәтижесінде қала әкімдігінің құрылымдарында қоғамның дерті саналатын сыбайластық пен жемқорлықтың ешбір фактісі тіркелген жоқ.
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасымен «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдары» бекітіліп, барлық органдарға сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алдын алу бойынша ішкі талдау жүргізу міндеттелген.
Қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес, сыбайлас жемқорлық фактілерінің орын алмауының алдын алу мақсатында, қала әкімдігі жанынан «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі» комиссия құрылып, жұмыс жасауда. Оның құрамына құқық қорғау басшылары, әкімдікке қарасты барлық мекемелер, дербес бөлімдер, кент және ауылдық округ әкімінің аппараттары енгізіліп, тоқсанына кемінде 1 рет комиссия отырыстары өткізіледі.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы
31 мамырдағы № 358 қаулысымен бекітілген жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 2 бұйрығымен «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» атты төртінші блогы бекітілді.
Бұл бағыт бойынша атқарылған жұмыстарға Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жобалау кеңсесімен № 4 Үлгілік базалық бағытының жобаларын іске асыру бойынша мерзімді бағалау жүргізіліп, жергілікті мемлекеттік органдардың рейтингі жасалатындығы ескертілген.
Біз Мемлекет басшысының тапсырмасын бұлжытпай орындап, өзіміздің азаматтық принципімізбен сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысымызды жалғастыра беретін боламыз. Өйткені, ел Президенті айтқан «Адал адам» қағидатын берік ұстанып, туған жеріміздің гүлденуіне күш жгерімізді арнаймыз.
Ж. Абатов,
Қызылорда қаласы әкімі аппаратының басшысы
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!