Бейсенбі, 28 қараша, 02:30

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Тағдырға қарсы тұрғандар

02.04.2021

2652 0

Бұл жалғанда қол-аяғы бүтін он екі мүшесі сау болса да, тағдырына көңілі толмай, өмірлеріне налып жүретін жандар болады.

Өмірде қарама-қайшылық көп қой. Олардың арасында – мен мүгедек екенмін деп мойымай, тағдырына тіке қарап жүргендері қаншама. Бүгін жігерін жасытпаған жандарды үлгі етпекпіз.Бұл жандар мүмкіндігі шектеулі болғанына қарамай, 12 мүшесі сау адамдар жете алмай жүрген табыстарға қол жеткізген.

Сөзді канадалық Терренс Стэнли Фокстан бастағанды жөн көрдік. Ол  1977 жылы өмірін басқа арнаға бұрған оқиғаға тап болады. Дәрігерлер 19 жасар Фокстан рак тапқан еді. Спортпен белсенді түрде шұғылданатын ол операциядан кейін бір аяғынан айырылып қалды. Бұл оқиғадан кейін үш жыл өткен соң, ол Канаданың шығысынан батысына қарай, жүгіріп өтуге бел байлайды. Мұндай марафонға қатысудағы басты мақсаты – онкологиялық ауруды зерттеу үшін қаражат жинау. Терри Фокс 5373 шақырымға созылған жолға 143 күн жұмсады. Әр күн сайын 42 км алға жылжып отырған. Бірақ, оның сырқаты бастаған ісін аяқтауға мүмкіндік бермей, 1980 жылдың 1 қыркүйегінде жүгіруін тоқтатады. Себебі, рак өкпеге қарай шаба бастаған еді. Ол 9 айдан кейін, 23 жасына жетпей өмірден өтті. Десек те, оның акциясы елде үлкен резонанс тудырып, барлығы 24 миллион доллар ақша жиналды. Қазір Канадада ғана емес, әлемнің 50-ге жуық мемлекетінде Терри Фокс атындағы қайырымдылық марафоны ұйымдастырылып келеді.

Тағдырға қарсы тұрғандар

Американдық Мэтт Стацман екі қолсыз дүниеге келген. Иә, қос қолсыз өмір сүру мүмкін еместей көрінетінін мойындаймыз. Бірақ, Мэтт аяқтарының көмегімен барлық нәселерді істей алады. Сонымен қатар, ол әлемдегі ең мықты садақшылардың қатарына кіреді. Мэтт алыс қашықтықтан нысананы дәл көздеп рекорд орнатқан. Бірақ, ол өзінің үлкен жеңісі деп мемлекеттік жүйені қолы жоқ адамның машинаны жүргізе алатындығына сендіргенін айтады.

Тағдырға қарсы тұрғандар

1984 жылдың 31 желтоқсанында атақты рок-топ Def Leppard-тың барабаншысы Рик Аллен көлік апатына түсіп, сол қолынан толықтай айырылған еді. Бірақ, музыкант сүйікті ісімен айналысуын әрі қарай жалғастыра берді. Топ мүшелері де оған барынша қолдау көрсетіп, гибридті дыбыс қондырылған арнайы барабан жасатты. Риктің қатысуымен одан кейін де көптеген сәтті әуендер шығып, Def Leppard тобы таныла түсті.

Тағдырға қарсы тұрғандар

Кейбір мүгедек жандар өз денсаулығының шектеулілігіне қарамай, дені сау адамдарға үлкен көмек беріп келеді. Олардың бірі ретінде тетраамелия синдромымен аяқ-қолсыз өмірге келген Ник Вуйчичті айтуға болады. Ол әлемге танымал мотиватор, оратор, меценат және жазушы. Ник Вуйчичтің айтқан сөздері көптеген адамдардың өз жолын табуға көмегін тигізді. Қазірге дейін оның бір фильмі, 6 кітабы жарыққа шыққан. Тағы айта кетерлігі, Ник

Вуйчич бүгінде 4 баланың әкесі атанып отыр.

Талпынған адамның табысқа жететіні белгілі. Адам баласына  өмір бір-ақ рет беріледі. Сол саналы ғұмырды айналаға үлгі болатындай етіп сүрген дұрыс. Жігерін жасытпаған жандарды үлгі еткендегі айтқымыз келгені осы.


Әзірлеген    Н.Сахи

Материалдар el.kz  сайтынан өңделіп алынды

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: