Жұма, 22 қараша, 13:00

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Танымал мобилограф тағы шаңырақ көтерді

17.07.2023

420 0

Белгілі мобилограф, Айжұлдыз Адайбекованың бұрынғы күйеуі Қыран Талапбек екінші рет үйленді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ұзақ уақыт бойы сүйіктісін көпшіліктен жасырып келген Қыран Талапбек қалыңдығын көрсетті. Оның таңдауы Гүлзада есімді жас актрисаға түскен. Қыран әлеуметтік желідегі парақшасында қалыңдығымен бірге түскен суреттерін жариялады.

“Бақытымды таптым. Негізі ол ылғи жанымда болатын. Жәй ғана сіздер байқамағансыздар ғой”, – деп жазды Қыран Талапбек. Жас жұбайлар қазақтың салтымен қалыңдыққа сырға салып, беташар жасап, құдалық өткізді.

Қыран мен Гүлзаданың қуанышында әзілкеш Нұрболат Қанай, Жандос Самалбеков, Қабдол Тлеков және әнші Артур Дәулетияров бой көрсетті. Оқырманның басым көпшілігі Гүлзада Тұрлаштың Қыранның бірінші әйелі Айжұлдыз Адайбековаға ұқсатты. 

“Бұрынғы әйеліне қатты ұқсайды екен”, “Айжұлдыздан аумайды ғой”, “Айжұлдызга қайтып қосыла салмадың ба? Айналып келіп соған ұқсаған қыз алыпсың”, “Бұрынғы келіншегі ма деп ойлап қалдым”, “Талғамың өзгермепті”, – деп жарыса жазды желі қолданушылары.

Еске сала кетейік, Қыран Талапбек 2020 жылы әнші Жанар Айжанованың қызы Айжұлдыз Адайбековамен шаңырақ көтеріп, арада көп уақыт өтпей ажырасып кеткен болатын. Қазір олардың Назар есімді ортақ ұлдары бар.

Кейін отандық бағдарламалардың біріне сұхбат берген Қыран Айжұлдыз Адайбековамен ажырасқан соң өзінің сүйіктісін тапқанын және басы бос еместігін айтқан еді.

Қыранның қазіргі сүйіктісі Гүлзада Тұрлаш та 17 жасында тұрмысқа шығып, ажырасып кеткен. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: