Сәрсенбі, 04 наурыз, 15:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№17 (2229)
03.03.2026
PDF мұрағаты

Тасбөгет кенті әкімінің есебі

04.03.2026

28 0

Фото: Қызылорда қаласының әкімдігі

Өткен жылы бюджет жоспары 515,8 млн. теңгеге бекітіліп, толық игерілді. Салық түсімінің жылдық жоспары 157,0 млн. теңгені құрап, нақты түсім 184,1 млн. теңгеге жетті.

2025 жылдың қорытындысымен тіркелген кәсіпкерлік субъектілердің жалпы саны 912-ні құрады. Оның 638-і жеке кәсіпкер, 256-і заңды тұлға, 18-і шаруа қожалық.

Бірнеше кент тұрғыны мемлекет тарапынан кәсіпкерлікті қолдау, дамыту бағытындағы мемлекеттік бағдарламаларға қатысты. Нәтижесінде 64 тұрғын өз жобаларын сәтті қорғап, 157,7 млн теңге көлемінде қаржы алды.

Тасбөгет кентіндегі жаңа бейітті қоршау және тегістеу жұмыстарына қалалық бюджеттен 83,5 млн теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсы нәтижесінде жеңімпаз мердігер мекеме жұмысты толық аяқтады.

Тасбөгет кентінде 95 көпқабатты үй орналасқан. Өткен жылы көпқабатты 16 тұрғын үйдің шатыры жөнделді.

Айдын Тыныштықбай

Тасбөгет кентінің әкімі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: