Бейсенбі, 28 қараша, 22:52

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Тастағы таңбалар экс-әкімнің зауытында үгітіліп кетті

02.06.2021

1343 0

Алматы облысының Малайсары ауылындағы петроглифтер жойылып бара жатқандығы туралы мәселе тағы да талқыға түсті, деп хабарлайды Egemen.kz. Бұл жолы Azattyq ryhy басылымы мәселе көтеріп отыр.

Тастағы таңбалар экс-әкімнің зауытында үгітіліп кетті

Арқарлы асуындағы жақпар тастардың біразы қиыршық тас шығаратын зауытта үгітіліп кетті, деп Кербұлақ ауданына қарасты Малайсары ауылының тұрғындары дабыл қағуда.

Көнеден сыр шертетін суреттерден қол үзіп қаламыз деп алаңдаған ауыл тұрғындарының бірі Қожақан Үдербай. Оның айтуынша, тасқа қашап салынған суреттерді тас өңдейтін кәсіпорындар ойып-опырып әкетіп жатыр.

Ал жергілікті билік құнды дерекке толы аймақта кәсіпорындар заңды түрде жұмыс істеп жатқанын айтады.

«Сарыбастау ауылдық округіне қарасты сайы өңдеуге берілген жерлер. Сол жақ шеті қиыршық тас зауытына, оң жағында «Татарка лтд» фирмасы істеп жатыр. Суреті бар болғанымен зерттелмегендіктен, қолға алынбағандықтан ешқандай шектеу жоқ. Олар заңды түрде мемлекеттік актісін алып, салығын төлеп, жұмыс істеп жатыр», дейді Кербұлақ ауданына қарасты Сарыбастау ауылдық округінің әкімі Қайрат Сұлтанбеков.

Таңбалы тастардың жай-күйі әсіресе әлеуметтік желіде қызу талқыланып, алаңдаушылық білдіргендердің қатары күн санап артып келеді.

Малайсары петроглифтері осылай қараусыз жатса болашақта мүлдем жоғалып кету қаупі бар. Биік қыраттар мен көз жетпес сілемдері тұнған тарих. 2017 жылы археолог Алексей Марьяшев бастаған ғалымдар Арқарлы асуындағы тарихи тастарға назар аударған. Тарихи суреттер қола немесе темір дәуіріне тән екенін айтып, өңірге кешенді зерттеу жұмыстарын жүргізу қажет екенін айтқан. Бірақ, тарихтан бұрын табыс табуды місе тұтқан өңір кәсіпкерлері тарихи орынды ондаған жыл бойы төңкеріп келеді. 

«Арқарлы тас» ЖШС басшысы 15 жылдан бері тастан табыс табуды бастағандарын айтады. Қазіргі кәсіпкер кезінде Кербұлақ ауданының әкімі де болған. Алматы облысын Серік Үмбетов басқарып тұрғанда 2006 жылы таудан 230 гектардай жерді сатып алған. Әлі күнге дейін жерге төсейтін тақтатастар шығарып сатады. Экс-әкім 15 жылдың ішінде есепсіз мөлшердегі тас өндіргенін айтады. Зауыттан өндірілген тасты ауыр жүк көліктерімен ғана емес, темір жолмен де үздіксіз жөнелтіп отырады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: