Бейсенбі, 26 желтоқсан, 06:21

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Тест: Балаңызбен сөйлесе аласыз ба?

31.01.2023

750 0

Сурет ашық дереккөзден
Балаңызбен қарым-қатынаста төмендегі фразалардың қайсысын жиі қолданатыныңызды белгілеңіз:

1. Саған қанша рет қайталап айтамын.  2 

2. Маған ақылыңды айта қойшы.  1

3. Мен сенсіз не істер едім!  1

4. Сонша кімге тартқансың!  2

5. Сенің достарың қандай тамаша адамдар!  1

6. Түу, кімге ұқсағансың!  2

7. Мен сенің кезіңде …  2

8. Сен менің тірегім мен көмекшімсің ғой!  1

9. Сенің достарың өзі қандай адамдар…  2

10. Сен тегі не ойлап жүрсің ?!  2

11. Сен менің ақылшымсың!  1

12. Ұлым, қызым. Сен қалай ойлайсың …  1

13. Басқаның баласы бала сияқты да, …  2

14. Сен қандай ойлап тапқышсың!  1

Енді жалпы ұпайды санап, жауапты табыңыз. Әрине, сіздің қандай ата-ана екеніңізді сізден артық ешкім білмейді. Бұл тек Сізге ой салуға ғана беріліп отыр.

7–8  ұпай – Сіз балаңыз екеуіңіз бір-біріңізді сөзсіз түсінуге ұмтыласыз. Ол Сізді жақсы сыйлайды. Сіздердің қатынастарыңыз тұлғаның қалыптасуына мүмкіндік береді.

9–10 ұпай – Сіз қарым-қатынаста бірқалыпты емессіз. Ол Сізді сыйлағанмен әрқашан Сізге сырын ашып айта бермейді. Оның дамуы кездейсоқ жағдайлар мен оқиғалардың ықпалына түсіп кетуі мүмкін.

11–14  ұпай – Сіздің балаңызбен қарым-қатынасыңызды өзгерту қажет. Сіз балаңызға аз сенім білдіресіз, қиын жағдайларда қолдамайсыз. Оның оқшаулануына, балаңызбен конфликтілік (даулы) қатынасқа мүмкіндік береді. Ол тұлғаның өсуіне кедергі жасайды.

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/kyizdarga/psihologiya/37379/

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: