Сенбі, 21 желтоқсан, 22:03

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

ТІЛ МЕҢГЕРУГЕ ЖАСТАРДЫҢ ТАЛАБЫ БАР

26.11.2020

748 0

«Біз үштілділікті дамыту қарқынын үдетіп отырмыз. Бұл ойдан шығарған дүние емес, қажеттілік. Қазірдің өзінде қазақстандықтардың 20 пайызы ағылшын тілін меңгерді. Яғни, үш тілді меңгеру, білу – бұл жаһандық әлемге жолдама деген сөз. Бұл адамның өмірдегі табыстылық, жетістік принцпі. Жаһандық әлемде біздің балаларымыз «Планета азаматы» болады. Сондықтан да олар әлемнің кез келген өңірінде жұмыс істеп, күнін көре алатын болады. Біз соған жағдай жасап жатырмыз», – деді Тұңғыш Президент Н.Назарбаев, Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІІ сессиясында.
Үш тілді меңгеру, білу – бұл жаһанданған әлемге жолдама. Мемлекетімізде үш тұғырлы тіл саясаты жақсы нәтиже беруде. Мен қызмет ететін білім ордасында оқушыларға тіл үйретуге барлық жағдай жасалған. Оқушылардың тіл меңгеруге деген ынтасы жоғары. Ізденістерін арттырып, әр сабақты қызықты өткізуге тырысамын. Тіл білген адамға әлем елдеріне саяхаттау, қызмет ету сәтті болады. Білімі, ізденісі артады. Талапты жастар көп тіл білудің қаншалықты пайдалы екенін ұғынып келеді. Сабақтан тыс уақытта өз бетінше ізденістерін арттырып жатқан жастар да бар. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деген Абай атамыз. Шәкірт тәрбиелеу, оларды білімге жетелеу менің сүйікті жұмысым. Сондықтан күн сайын үйден жұмысқа, жұмыстан үйге асығамын. Отбасылық өмір мен қызметті қатар алып жүру, саналы ұрпақ тәрбиелеу бізге артылған жауапты іс. Сенім үрдісінен шығуға асықпыз.

Мира НҰРҒАЗЫҚЫЗЫ,
№11 мектеп-лицейдің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі,
Қызылорда қаласы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: