Жұма, 27 желтоқсан, 07:41

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Төл теңгеге 29 жыл

15.11.2022

1358 0

1997 жылдан бастап 15 қараша − Қазақстанның ұлттық валюта күні. 1993 жылы  12 қара­шада Қазақстанның тұңғыш Президенті «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» жарлыққа қол қойған еді. Ал 15 қарашадан бастап теңге елдегі есептесетін ақшаға айналды. Міне, осы кезеңнен бастап төл теңгеміз дизайнерлік және экономикалық тұрғыдан біраз өзгерісті өткерді.

Ортағасырлық түркі күміс монеталардың «денге» немесе «танга» деген тарихи атауы болған. Осыған орай ұлттық валютаны «теңге» деп атауды академик Сауық Тәкежанов ұсынды. Ең алғаш айналым­ға «портреттер» банкнотының бірінші топ­тамасы шы­ға­рылды. Алғашқы банк­ноттар Англиядағы «Harrison&Sons» фирмасында басылып шықты. Сол уақытта Қазақстанға ұшақпен бір аптада 18 рейс жасалып, теңге жеткізілген еді. Ал Қазақстанның теңге сарайы 1992 жылы Өске­мендегі Үлбі металлургия зауытының базасында құрылды. Монеталардың алғашқы өнеркәсіптік пар­тиясы 1998 жылы қара­шада Қазақстанның монета алаңында шығарылды. Кәсіп­орын Ұлттық Банктің түсті металдардан, алтын және күмістен ұлттық валю­та монеталарын шығару туралы тапсы­рысын жүзеге асырады.

Төл теңгеге 29 жыл

28 жыл ішінде Қазақстанда теңгенің төрт сериясы шығып, алты номиналдағы банкноттар мен жеті номиналдағы монета­лар шыққан еді. Бүгінде банкноттар қатарында 500, 1000, 2000, 5000, 10000 және 20000 теңге бар. Ал монета қатарына 1-2-5-10-20-50, 100 және 200 теңге кіреді.

Халықаралық банкнот қауымдастығы 2011-2013 жыл аралығында қа­зақстан­­дық банкноттар «әлем­дегі үздік банкнот» деп таныған. 2014 жылы түркі жазуына арнал­­ған қазақстандық «КҮЛТЕГІН» есте­лік банкноты осы қауымдас­тықтың нұсқасы бойын­ша 2013 жылдың үздік банкноты атанды. Міне, осындай оқиғаларды бастан өткерген төл теңге бүгінде әлемдік экономикалық нарықта бәсекелесу үшін барын салуда.

А.БІРКЕНОВ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: