Сәрсенбі, 18 наурыз, 17:10

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№20 (2232)
17.03.2026
PDF мұрағаты

Толеранттылық құндылығы

18.03.2026

51 0

Фото: newqazaq.kz


Толеранттылық деген ұғымды, ұстаным мен болмысты қазаққа сырттан келіп ешкім қалыптасстырмауы керек деп есептеймін. Өйткені, қазақтай кең пейіл, дала көңіл, байсалды болмыс өзгелердің бойында кездесе бермейді. Соның бір көрінісі кешегі зобалаң жылдары жер аударылып келген халықтарға құшақ жайғаны емес пе?! Бұл жерде тек меймандостық ғана емес, қазіргі біз қалыптастыруымыз керек деп жүрген толеранттылықтың тұрпаты бар. Сол кездегі аталарымыз бен әжелерімізден әлем үлгі алуы керек десем де артық бола қоймас. Неге, себебі, ислам қатаң ұстанып отырған халық өзге дін өкілдерін де төріне шығарып, асын бөліп беріп, үйінің бұрышынан орын бөрді.


Ал, енді қараңыз, толеранттылық деген бұл өзге адамның пікірін, сенімін, өмір сүру салтын сыйлау және қабылдай білу қабілеті. Ол адамның ішкі мәдениеті мен тәрбиесінің көрсеткіші. Толерантты тұлға өз көзқарасын қорғай отырып, өзгелердің пікіріне де құрметпен қарайды деп анықтама береді. Және, әлем тыныштығын сақтау үшін біз осындай болмыста болуымыз керек деп үгіт жасайды. Мұны қазақ ықылымнан қалыптастырып қойды. Сондықтан ұлттық болмысымызда бұдан мәселе жоқ. Мәселе, радикалды діни сенімдегілердің сөзінен келіп жатыр деседі.
«Күшті адам – күресте жеңген емес, ашуланған кезде өзін ұстай алған адам» деген нақыл бар. Қарияларымыз біз дінімізге дұшпан емес, өзге дін ұстанушыларын қалай жау көреміз» деп кеңдік ететін. Тіпті, өзге діндегі жер аударылып келген адамдарға өз сенімдері бойынша құлшылық жасауларына кедергі жасамай, мүмкіндіктер жасап берді. Бұның пайдасы мен жақсылығын қазақ халқы әлі де көріп отыр.
Жалпы толеранттылық құндылығының қоғам мен жеке адам үшін пайдасы өте кең, әрі маңызды екенін сарапшылар мен саясаткерлерлер беске бөліп қарастырады. Олар мыналар:
Біріншіден: толеранттылық адамдар арасындағы бейбіт қарым-қатынасты қалыптастырады. Әртүрлі көзқарастағы адамдар бір-бірін құрметтеген жағдайда, жанжалдар азайып, қоғамда тұрақтылық орнайды. Бұл әсіресе көпұлтты елдер үшін аса маңызды.
Екіншіден: ол өзара түсіністік пен сенімді арттырады. Толерантты ортада адамдар өз ойын еркін жеткізе алады, бұл ашық диалогқа жол ашады. Нәтижесінде ұжымда, қоғамда тиімді ынтымақтастық қалыптасады.
Үшіншіден: толеранттылық мәдени және рухани дамуға ықпал етеді. Әртүрлі мәдениеттер мен дәстүрлердің тоғысуы адамдардың дүниетанымын кеңейтеді, жаңа идеялардың пайда болуына мүмкіндік береді.
Төртіншіден: ол жеке тұлғаның дамуына әсер етеді. Толерантты адам сабырлы, түсінігі кең, эмпатиясы жоғары болады. Мұндай қасиеттер өмірде де, кәсіби ортада да үлкен артықшылық береді.
Бесіншіден: толеранттылық демократиялық қоғамды нығайтады. Әр адамның құқығы мен еркіндігін мойындау – әділетті қоғамның негізі.
Жалпы, толеранттылық – тек моральдық қағида емес, ол қоғамның тыныштығы, дамуы және адамдардың бақытты өмір сүруінің басты шарттарының бірі.
Бұның барлығын бір ауыз сөзбен айтқанда байсалдылық. Яғни қазақтың «Байсалды болмай бақ қонбас» деген мәтелінің өзегі осында жатыр. Өмір болған жерде әртүрлі сенімдегі, ұстанымдағы, мақсаттағы адамдар болады. Өмір мәні де осы. Ал, ислам мейірім діні әрі сабырлықпен сыналмақ. Сондықтан дін ұстанушыларға толерантты болу үлкен сынақ екенін ұмытпаған абзал.

Сәкен Алдашбаев,
«Сыр дидары» газетінің бас редакторы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: