Сәрсенбі, 04 наурыз, 23:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№17 (2229)
03.03.2026
PDF мұрағаты

Тұрақты комиссия отырысы өтті

04.03.2026

34 0

Фото: Қызылорда Облыстық Мәслихаты

Бүгін облыстық мәслихаттың Экология, өндіріс, шаруашылық және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы, депутат Бауыржан Сандыбаевтың төрағалығымен комиссия отырысы өтті.


Күн тәртібінде ауыл шаруашылығы саласын субсидиялау, мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігі және қолданыстағы субсидия бағдарламаларын жүзеге асыру барысы жан-жақты қаралды. Атап айтқанда, агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне көрсетілетін қаржылай қолдаудың тетіктері, өтінім беру үдерісінің ашықтығы, қаржының мақсатты әрі тиімді игерілуі, сондай-ақ шаруалардың ұсыныс-пікірлері талқыланды.
Комиссия мүшелері ауыл шаруашылығы саласын дамыту өңір экономикасының негізгі қозғаушы күштерінің бірі екенін атап өтіп, бөлінген қаражаттың нақты нәтижеге бағытталуы, субсидия алушылардың жауапкершілігін арттыру және мемлекеттік қолдау шараларының қолжетімділігін қамтамасыз ету қажеттігіне тоқталды.
Отырысқа облыстық мәслихаттың Экономика, әлеуметтік және құқықтық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы, депутат Б.Шәменова, Қ.Боранбаев, С.Мұстафа, Н.Сопбеков, сондай-ақ, облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Т.Дүйсебаев пен мал шаруашылығын дамыту бөлімінің басшысы Д.Абдирасулов қатысты.
Отырыс қорытындысы бойынша тиісті басқармаға бірқатар нақты ұсыныстар мен тапсырмалар беріліп, олардың орындалуы тұрақты комиссияның бақылауында болатыны атап өтілді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: