Сәрсенбі, 04 наурыз, 15:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№17 (2229)
03.03.2026
PDF мұрағаты

Тұрақты комиссия отырысы өтті

04.03.2026

33 0

Фото: Қызылорда Облыстық Мәслихаты

Бүгін облыстық мәслихаттың Экология, өндіріс, шаруашылық және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Бауыржан Сандыбаевтың төрағалығымен комиссия отырысы өтті.


Күн тәртібінде Жалағаш ауданындағы елді мекендерді ауызсумен қамтамасыз ету және водозабор нысандарының жай-күйі туралы мәселе қаралды.
Аталған мәселе үстіміздегі жылдың 25 ақпан күні өткен тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында көтерілген болатын. Атап айтқанда, облыстық мәслихат депутаттары Әмірбек Шаймағамбетов Жалағаш ауданындағы Мақпалкөл, Мәдениет, Жаңаталап елді мекендеріндегі водозабор мәселесіне назар аударса, депутат Жорабек Нұрымбетов бұл мәселенің тек Жалағаш ауданымен шектелмей, өзге аудандарда да кездесетінін атап өткен еді.
Соған сәйкес, тұрақты комиссия отырысына облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Б.Ізмағамбетов және «Сыр суы» филиалы бастығының орынбасары Б.Бакишев қатысып, жауапты мекемелердің түсіндірмелері тыңдалды.
Талқылау барысында депутаттар мәселені жүйелі түрде шешудің кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын нақты жоспарын ұсыну, қаржыландыру көздерін айқындау, сондай-ақ, елді мекен тұрғындарын сапалы ауызсумен тұрақты әрі үздіксіз қамтамасыз ету мерзімдерін белгілеу қажеттігін жеткізді.
Ауызсу – халықтың тұрмыс сапасы мен әл-ауқатына тікелей әсер ететін маңызды мәселе. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты комиссияның бақылауында болады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: