Сәрсенбі, 18 наурыз, 17:54

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№20 (2232)
17.03.2026
PDF мұрағаты

Ұлт мұрасы – ұлттық киім

18.03.2026

59 0

Фото: Қызылорда қаласының әкімдігі

18 наурыз – жалпыұлттық «Наурызнама» тұжырымдамасы аясында «Ұлттық киім» күні ерекше сән мен рухқа толы өтті. Ы. Жақаев көшесінен басталып, Өнер арбаты бойымен орталық алаңға дейін созылған шеру мыңға жуық қала тұрғындарын бір алаңға тоғыстырды.

Мәдениет саласының үздіктері мен руханият жанашырлары – М.Байдаулетов, Л.Насимханова, С.Ұлықпан, Н.Мансұр, Б.Орынбасар және «Сырлы саз» этно-фольклорлық ансамблі ұлттық киімдер киіп, Өнер арбатында жүріп, халық әндерін орындады.

Ұлт мұрасы – ұлттық киім

Белгіленген орынға жеткен соң, оқу орындарының 50 студенті «Қаражорға» биімен мерекелік көңіл-күйді еселеді. Ал, «Күміс домбыра-2025» иегері Бексұлтан Орынбасар жүректен шыққан «Арнау» әнін арнады.

Ұлттық киім – біздің мәдени мұрамыздың айнасы, ұрпаққа аманат етер асыл қазына.Мереке халықтың рухын көтеріп, ұлттық болмысты жаңғыртуға, дәстүрді дәріптеуге арналған тамаша шараға айналды. Шеру қала өнерпаздарының әсем әндерімен, биімен әрі қарай да жалғасты.

Ұлт мұрасы – ұлттық киім
Ұлт мұрасы – ұлттық киім
Ұлт мұрасы – ұлттық киім
Ұлт мұрасы – ұлттық киім
Ұлт мұрасы – ұлттық киім
Ұлт мұрасы – ұлттық киім
Ұлт мұрасы – ұлттық киім

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: