Сенбі, 21 желтоқсан, 21:08

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Жаңа экологиялық кодекс не өзгертті?

17.01.2023

944 0

Сурет ашық дереккөзден

Экологияны жақсарту үшін жаңа кодекс жүзеге аса бастағанын жиі айтып жүрміз. Жаңа кодекс қандай талап қояды, не өзгерді? Кодекс туралы бірер сөз…

Жаңа кодекстегі өзгерістің бірі – ластаушы төлейді ұғымының қалып­тас­қаны. «Ластаушы төлейді және қал­пына келтіреді» қағидатының негізінде қоршаған ортаның ластануына жол бермеу және бақылау, сондай-ақ қор­шаған ортаға келтірген зиянның орнын толтыру үшін жауапкершілік көзделген. Экологиялық зиян орын алған жағдайда табиғат пайдаланушы қалпына келтіруге міндеттелген. Жаңа кодекске орай пікір білдіргендер де бұл құжаттың бұрынғыдан өзгерек екені айтылады. «Жаңа құжатта ірі кәсіпорындар жасыл технологияны енгізуге міндетті. «Ластаушы төлейді және қалпына келтіреді» қағидатының негізінде ластануды болдырмау және бақылау бойынша шаралар, сондай-ақ қоршаған ортаға келтірген зиянның орнын толтыру үшін жауапкершілік көзделген. Экологиялық зиян орын алған жағдайда табиғат пайдаланушы қоршаған ортаны оның бастапқы қалпына келтіруге міндетті», – дейді экология мамандары. Кодекстің бұл талабы қоршаған ортаны ластанудан сақтауға бірден-бір ықпал болары сөзсіз.

Тағы бір талап – өнеркәсіпте жаңа технологиялар енгізу. Бұл қоршаған ортаны сақтау үшін қажет. Бірінші кезең­де жалпы ластанудың сексен (80%) пайыз шығарындыларының көзі саналатын елу  ірі кәсіпорындарында енгізу жоспарланған. Еуропада он бес жыл ішінде ең озық технологиялардың арқасында шығарындылар тоқсан төрт пайызға азайған. Осы технологияларды енгізген кәсіпорындар эмиссия үшін төлемнен босатылады. Егер кәсіпорындар қолжетімді технологияларды пайдалан­баса, олардың эмиссия үшін төлем мөлшерлемелері артады.

Қалдықтарды басқару мәселесі де жаңа кодексте қамтылған. Өндірістегі қалдықтарды өңдеу үшін жаңа техно­логияларды енгізу мәселесі күн тәртібінде. Бұл мақсатта пилоттық жоба жүзеге асуда. Анығын айтқанда, заңнамалық негізде қалдықтардың жиналуын азайту үшін WASTE TO ENERGY технологиясын қолдана отырып, қалдықтарды энерге­тикалық кәдеге жарату енгізілді. Бұл технологияға сәйкес қоқыс өртеліп, электр қуаты шығарылады, содан кейін электр желісіне сатылады. Әрине, бұл уақыт еншісіндегі жұмыс. Жаңартылған энергия көздерін дамыту мәселесі де өзекті екені белгілі. Бұл туралы кодексте қамтылмай қалған жоқ. Яғни декарбонизация – бұл көмірқышқыл газының шығарылуын азайту және жаңартылатын энергия көздері арқылы электр энергиясын өндіру. Бұл қоршаған ортаға зиянды әсерді едәуір азайтуға мүмкіндік береді.

Бүгінгі күні әлемдік экономиканы декарбонизациялау және климаттық рет­теуді қатаңдату тренді байқалады. Атап айтсақ, өткен жылы еуропалық Одақ шығарындылардың жоғары дең­гейі бар елдерден импортталатын өнімдерге «шекаралық көміртек са­лығын» әзірлеуге кірісті. Бұл Еуропа нарығында отандық өнімдердің жоға­ры бәсекелестігін сақ­тау үшін шыға­рындылардың көлемін қысқарту қажет екенін білдіреді.

Қоршаған ортаға эмиссия төлеу мә­селесі де жаңа кодексте қамтылған. Анығын айтсақ, бұған дейін эмиссия үшін түскен төлемдерді табиғатты қорғау іс-шараларын мақсатты жұмсау міндеті көзделмеуінің нәтижесінде аймақтарда эмиссиялық төлемдердің 10 пайыздан аспайтын мөлшері экологиялық іс-шара­ларға жұмсалған. Жаңа кодексте эко­логиялық төлемдердің 100 пайызы эко­логиялық іс-шараларға жұмсалатыны айтылған.

Сондай-ақ жаңа экологиялық кодексте  экотуризмді дамыту, көгалдандыру жұ­мысы, жан-жануарларды қорғау жайы да қамтылған. Ең бастысы, қоршаған ортаны қорғауға, экологиялық тепе-теңдікті сақ­тауға ықпал ететін кодекс бар. Мұнан кейінгі жұмыс өз қолымызда екені белгілі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: