Жексенбі, 08 желтоқсан, 10:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Көлік полицейлері заңсыз майнинг фермасын анықтады

20.03.2022

768 0

Алматы-1 станциясындағы желілік полиция басқармасының қызметкерлері Құндызды станциясының теміржол тұйығы аумағында жедел іздестіру іс-шаралары барысында майнинг операцияларына жабдықталған үй-жайды анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көліктегі полиция департаментінің бастығы Оңал Бекеевтің мәлім еткеніндей, тексеру барысында криптовалюталарды өндіруге арналған майнингке арналған аппаратураның 130 жәшігі табылды.

Оған қоса аппаратураның қатты дискілері мен қосалқы бөлшектері тәркіленді.

Оның сөзіне қарағанда, аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қажетті жедел тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

«Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды», деді полиция генерал-майоры О.Бекеев.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: