Бейсенбі, 19 ақпан, 19:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№13 (2225)
17.02.2026
PDF мұрағаты

Жаңа Конституция жобасын түсіндіру жұмыстары жалғасуда

19.02.2026

54 0


Бүгін қызмет көрсету саласының өкілдерімен жаңа Конституция жобасын ақпараттық түсіндіруге арналған кездесу өтті. Кездесуге Қазалы аудандық мәслихатының төрағасы Әліш Ғазиз Әлмәмбетұлы және «AMANAT» партиясы Қазалы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Жалғасбаев Нұрғиса Жаппарбергенұлы қатысып, қатысушыларға жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары мен жаңашыл тұстары жөнінде ақпарат берді.

Жаңа Конституция жобасын түсіндіру жұмыстары жалғасуда


Сонымен қатар, жиынға аудандық мәслихат депутаттары да қатысып, өз пікірлерін білдірді. Кездесу барысында спикерлер цифрлық қауіпсіздікті күшейту, неке және отбасы институтын қорғау, Халық кеңесін құру секілді қоғам өмірінің маңызды салаларын қамтитын бастамаларды атап өтті. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, ұсыныстар мен пікірлер ортаға салынды.
Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да ауданның түрлі сала қызметкерлері мен тұрғындары арасында жүйелі түрде жалғасын табатын болады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: