Сейсенбі, 31 наурыз, 12:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№23 (2235)
31.03.2026
PDF мұрағаты

Жаңақорған ауданында рухани-танымдық кездесулер ұйымдастырылды

31.03.2026

46 0

Фото: Жаңақорған ауданы

Жаңақорған аудандық қоғамдық даму бөлімі мен “Асыл мұра-Орда” қоғамдық қорының ұйымдастыруымен теолог Далелхан Оспановпен бірқатар кездесулер өтті.

Жаңақорған ауданында рухани-танымдық кездесулер ұйымдастырылды

2026 жылғы 30 наурыз күні Жаңақорған ауданында белгілі теолог Далелхан Оспановтың қатысуымен мазмұнды кездесулер ұйымдастырылды. Іс-шаралар аясында спорт, білім және құзырлы орган салаларының мамандары, сондай-ақ жастар мен ауыл тұрғындары қамтылды.

Жаңақорған ауданында рухани-танымдық кездесулер ұйымдастырылды

Кездесулердің негізгі мақсаты – қоғамда рухани-адамгершілік құндылықтарды насихаттау, діни сауаттылықты арттыру және жастар арасында дұрыс дүниетанымды қалыптастыру болды. Теолог өз сөзінде қазіргі қоғамдағы діни ахуал, радикалды идеологиялардың алдын алу, ұлттық дәстүр мен діннің сабақтастығы туралы кеңінен тоқталды.

Жаңақорған ауданында рухани-танымдық кездесулер ұйымдастырылды

Іс-шара барысында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ашық пікір алмасу алаңы қалыптасты. Әсіресе жастар тарапынан белсенділік жоғары болып, түрлі тақырыптарда мазмұнды сұхбат өрбіді.

Мамандар мен тұрғындар мұндай кездесулердің маңыздылығын атап өтіп, қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті нығайтуға оң ықпал ететінін жеткізді.

Жаңақорған ауданында өткен бұл кездесулер тұрғындардың рухани дамуына серпін беріп, өзара түсіністік пен сенімді арттыруға бағытталды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: