Сәрсенбі, 18 наурыз, 17:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№20 (2232)
17.03.2026
PDF мұрағаты

Жат ағым жарылқамайды

18.03.2026

62 0

Фото: uaqyt.kz

Радикалды көзқарастағылар — белгілі бір идеяны шектен тыс ұстанып, өзгелердің пікірін жоққа шығару, тіпті күш қолдану арқылы өз ұстанымын дәлелдеуге ұмтылады. Мұндай көзқарас көбінесе діни, саяси немесе әлеуметтік сипатта болуы мүмкін. Оның ең басты қауіптілігі — адамдарды бөлшектеуінде. Радикалды топтар қоғам ішінде “біз” және “олар” деген түсінік қалыптастырып, алауыздық туғызады. Бұл өз кезегінде сенімсіздікке, қақтығыстарға және тұрақсыздыққа алып келеді деп анықтама береді. Ал, мына діннің қағидаттарын қатаң ұстанатын осы топ ел ішіне бүлік салушылар боп саналады.

Сонымен қатар радикалды ағымдар жастарды өз қатарына тартуға ерекше мән береді. Себебі жастар — қоғамның ең белсенді, әрі әсерге тез берілетін бөлігі. Олар өмірлік тәжірибесінің аздығынан, әлеуметтік қиындықтардан немесе рухани ізденістен радикалды идеяларға оңай алданады. Нәтижесінде жеке адамның ғана емес, тұтас отбасының, қоғамның тағдырына зиян келеді.

Жат ағымдардың тағы бір қауіпті тұсы — дәстүрлі құндылықтарды жоққа шығаруы. Олар ұлттық мәдениетке, салт-дәстүрге қарсы пікірлер таратып, адамдарды өз тамырынан ажыратуға тырысады. Бұл ұлттық бірегейліктің әлсіреуіне әкеледі.

Осындай қауіптердің алдын алу үшін кешенді шаралар қажет. Ең алдымен, білім беру жүйесінде сыни ойлау қабілетін дамыту маңызды. Адам ақпаратты саралап, дұрыс пен бұрысты ажырата алуы тиіс. Сонымен қатар діни сауаттылықты арттыру да үлкен рөл атқарады. Дәстүрлі діннің негіздерін дұрыс түсінген адам жат ағымның ықпалына кетпейді.

Радикалды көзқарастың қауіптілігі мынадай бірнеше деңгейде көрінеді 1. Қоғамды бөлшектейді: Радикалды идеология адамдарды “біз” және “олар” деп бөледі. Соның салдарынан сенімсіздік, өшпенділік пайда болып, қоғамда алауыздық күшейеді.

2. Қақтығыс пен зорлыққа әкелуі мүмкін: Кейбір радикалды топтар өз идеясын күшпен дәлелдеуді дұрыс деп санайды. Бұл экстремизм мен терроризмге дейін апарып, адамдардың өміріне қауіп төндіреді.

3. Жастарды адастырады: Тәжірибесі аз жастар радикалды идеяларға тез сеніп қалуы мүмкін. Нәтижесінде олар оқуынан, жұмысынан, отбасынан алыстап, өмірін құртады.

4. Дәстүрлі құндылықтарды жояды: Жат ағымдар ұлттық салт-дәстүрді, мәдениетті жоққа шығарып, адамдарды өз тамырынан ажыратады. Бұл ұлттық бірегейліктің әлсіреуіне әкеледі.

5. Психологиялық қысым тудырады: Радикалды топтар мүшелерін толық бақылауға алып, еркін ойлауға мүмкіндік бермейді. Адам өз бетінше шешім қабылдай алмайтын деңгейге жетеді.

6. Мемлекеттік тұрақтылыққа қауіп: Егер радикалды идеялар кең таралса, бұл ел ішіндегі тұрақтылыққа, қауіпсіздікке тікелей әсер етеді.

Енді осы тармақтарға қарап отырып радикалданған бауырларымыздың ісі діндарлық па, әлде дінді жаман көрсету арқылы исламға жасалып жатқан қастандық па деп қаласың. Өйткені олардың сырт келбеті мен ниеттерінен шошынған ел мұсылмандықтан жайлап сырт айнала бастайды. Мәселен, бұрын  намаз оқыған баланы көрсең ішің жылып, жақсы әрекет жасап жүр екен деп қуанушы ек. Ал, қазір намаз оқып, оразы тұтып, мешітке барға баладан қауіптенетін, күдіктенетін болдық. Тіпті кейбір ата-аналар азарда безер болып, баласының дінге бет бұрғанынан қорқатындар пайда болды. Бұн ненің нәтижесі, әрине радикалданғандардың нәтижесі. Сондықтан көптен бөлінбей, ақылды алға салып, білімді саралап, байсалдылықтың биігіне жете білуіміз керек.

Сәкен Алдашбаев,

«Сыр дидары» газетінің бас редакторы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: