Бейсенбі, 26 желтоқсан, 11:30

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Жемқорлықтың алдын алу ұжыммен қалыптасады

01.02.2023

675 0

Бүгін сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Қызылорда Су Жүйесі» ШЖҚ МКК ұжымында кездесу өткізіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Кездесуге Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы А. Болат және қалалық ішкі саясат бөлімінің маманы И. Қасымхан қатысты.

Жиын барысында А. Болат сыбайлас жемқорлықтың алдын алу сондай-ақ, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы, оның ішінде басшылардың қарамағындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық үшін дербес жауапкершілігі тәжірибесі, мемлекеттік қызметшілердің және оларға теңестірілген тұлғалардың сыйлықтар алуына толық тыйым салуды және жақын туыстардың бірлескен жұмысына салынған шектеулер туралы хабарлама жасады. Сонымен қатар «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның 16-бабына енгізілген «Квазимемлекеттік сектор субъектілерінде негізгі міндеті тиісті ұйымның және оның қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің функцияларын атқаратын құрылымдық бөлімшелерді айқындауды көздейтін түзетулер жайында қызметкерлерге толық ақпарат берілді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: