Сейсенбі, 26 қараша, 09:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Жүргізуші жаяу келе жатқан жасөспірімді ұрып тастаған

06.09.2023

371 0

Павлодарда жүргізуші мен жолаушылар жаяу келе жатқан жасөспірімді дөрекі сөйлегені үшін ұрып тастаған. Бұл туралы  Polisia.kz сайты хабарлайды.

4 қыркүйек күні сағат 18.30-да колледж студенті Катаев көшесіндегі тротуармен жүрді. Көлік өтіп бара жатып, оған су шашып жіберді. Ал кәмелетке толмаған бала оған дөрекі түрде жауап берді. Мұны естіген көлік жүргізушісі тоқтап, жолаушыларымен бірге кәмелетке толмаған баланы ұрып тастады.

17 жастағы жәбірленуші ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта жүргізуші анықталды, ол 27 жастағы павлодарлық ер адам болып шықты. Оқиғаның қалған қатысушылары мен болған оқиғаның мән-жайы белгіленеді.

Осы факт бойынша ҚК 293-бабының 2-бөлігі «Бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі іс басталды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: