Сенбі, 04 мамыр, 17:31

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Жұмыссыздықты жоюда жүйелі жұмыстар атқарылуда

09.12.2022

1100 0

  Облыстық статистика департаментінің мәліметі сүйенсек, Қызылорда қаласында экономикалық белсенді халық саны 134934 адамға жетіп,  жұмыссыздық деңгейі – 4,7 процентті құраған. Жұмыссыздық деңгейі аймақта – 4,9 процент.

         Жалпы азаматтарды жұмыспен қамту ісі қарқынды ұйымдастырылып келеді. Бүгінде елімізде жұмыссыздықты жою мақсатында біршама жобалар қолға алынып, соның аясында жаңа жұмыс орындарын ашуға, жастарды жұмыспен қамтуға барынша мүмкіндік тууда. Биыл қалада 10 мыңнан астам жұмыс орны ашылады деп жоспарланған. Бүгінде 6596 жаңа жұмыс орны құрылса, оның 3 мыңнан астамы ғана тұрақты жұмыс істейді.

         Қызылордалықтарды жұмыспен қамтуда «жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу» бөлімі бар. Жыл басынан бері мұнда хабарласып, екі қолға күрек іздегендердің саны – 17 мыңнан асқан. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде оның 2 мыңнан астамы тұрақты жұмысқа орналасқан. Қазіргі таңда тіркелген жұмыссыздар саны – 6454 адамды құрайды. Ал, жұмыссыздық деңгейі – 4,8 процентке жетіп отыр.

         Осы орайда, халықты жұмысқа тартуда «бос жұмыс орындары» жәрмеңкесін атап өтуге болады. Бұл шара қалада ай сайын тұрақты түрде өткізіледі. Сондай-ақ, жұмыс беруші мен жұмыс іздеуші бетпе-бет жүздесіп, талап-тілектерін айтуына мүмкіндік береді. Жыл басынан бері 9 рет «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі ұйымдастырылып, 190 мекемеден жұмыс берушілері мен қадр қызметкерлері қатысып, 1624 бос жұмыс орындарына сұраныстар ұсынды. Өткізілген «Бос жұмыс орындары» жәрмеңке нәтижесімен 237 адам тұрақты жұмысқа тұрып, 1104 – адам кеңес алған.

        Сондай-ақ, биыл жана бизнес–идеяларды іске асыруға  мемлекеттік грантттар беру  үшін  республикалық бюджеттен 814 адамға 1029245,0 мың теңге қаражат бөлінді. Бүгінгі күнге 489 азамат мемлекеттік грант алды, игерілген қаржы 482728 теңгені құрады. Бұдан бөлек 2484 адамға бюджеттен 1 миллион 851 мың теңге бөлініп, 2022 жылдың 1 қазанына 540 мекемемен келісім шарт жасалып, 2636 адам жұмысқа тартылып, 995770 мың теңге игерілді. Ал, әлеуметтік жұмыс орындарына 190 адамға бюджеттен 95250 мың теңге бөлініп, (180 адамға республикалық бюджеттен 91800, мың теңге және жергілікті бюджеттен 10 адамға 3450, мың теңге) 186 адамға 70484,  мың теңге игерілген.

         Қазіргі таңда жұмыспен қамтуда нәтижелі жобалардың бірі – жастар тәжірибесі бағдарламасы. Бұл бағытта 849 адамға 882017, мың теңге бөлініп, бағдарлама аясында сұраныс берген 407 мекемеге 989 жас маман жолданып, 174500, мың теңге игерілді. Сонымен қатар, алғашқы жұмыс орнына  80 жас маманға 74776,0 мың теңге бөлініп, бүгінгі күнге 62 жас маман жұмысқа жолданды. Игерілген қаржы 24626, мың теңге болған. Бұдан бөлек, ұрпақтар келісімшарты жобасымен 5 адамға 1836, мың теңге қаражат бөлініп, барлығы жұмысқа жолдама алып, 1181 мың теңге игерілген. Күміс жас жобасымен57 зейнеталды жастағы азаматтарға 64 654 мың теңге бөлініп, оған 17 адам жолданып, 3626 мың теңге игерілген.

Аталған бөлім азаматтар өтiнiш бiлдiрген күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде лайықты жұмыс таңдалмаса, оны жұмыссыз ретiнде тiркеу туралы шешiм қабылдайды. Жұмыс iздеп жүрген адамды жұмыссыз ретiнде тiркеу мемлекеттiк органдардың және ұйымдардың ақпараттық жүйелерi арқылы оның деректерiн тексергеннен кейiн жұмысқа орналастырудың жеке картасына алынған мәлiметтердi енгiзе отырып жүзеге асырылады. Өтінiш жасалған күннен бастап күнтiзбелiк он күн өткенде жұмыс iздеп жүрген адамды жұмыссыз ретiнде тiркеу күнi және есепке қою туралы немесе тiркеуден бас тарту туралы хабардар етіледi. Халықты жұмыспен қамту орталығында тiркелген жұмыссыздар – он жұмыс күнi iшiнде кемiнде бiр рет халықты жұмыспен қамту орталығында, ал ауылдық елдi мекендерде тұратын жұмыссыздар айына кемiнде бiр рет кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiнде белгiленiп тұруға тиiс.

Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыссызды мынадай жағдайларда жұмыссыздар есебінен шығарады. Мәселен, лайықты жұмыстың ұсынылған екі түрінен бас тартқанда, дәлелсіз себептер болғанда,  жолдама берген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде ұсынылған жұмысқа орналасу орнына немесе оқу орнына келмегенде, шақыру бойынша халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысу үшiн үш жұмыс күнi iшiнде халықты жұмыспен қамту орталығына келмегенде, жолдама бойынша халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысуды өз бетінше тоқтатқанда, жұмыссыз заңда көзделген халықты жұмыспен қамту орталығына келiп тұру мерзiмдерiн дәлелсiз себептермен бұзғанда,
жұмыссыз бас бостандығынан айыру түрiндегi жазамен сотталғанда не заңды күшiне енген сот шешiмi бойынша мәжбүрлеп емдеуге жiберiлгенде,  көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған құжаттар бергенде есептен шығарады.

Есептен шығарылған жұмыссыздар есептен шыққан күнiнен бастап күнтiзбелiк отыз күн өткен соң ғана халықты жұмыспен қамту орталығында жұмыс iздеушi адам ретiнде қайтадан тiркеле алады.

         Сондай-ақ, әлеуметтік жұмыс орындарын құруда да өзіндік талаптар қойылады. Мәселен, жұмыс берушi әлеуметтiк жұмыс орындарын құрады, оларды құру кезiнде тұрақты жұмыс орындарына арналған бос орындар пайдаланылмайды және олар ауыр жұмыстарда, зиянды және қауiптi еңбек жағдайлары бар жұмыстарда құрылмайды.

Әлеуметтiк жұмыс орындары жұмыссыздар үшiн арнайы құрылады, олардың арасында балалар ауылының тәрбиеленушiлерi және балалар үйлерiнiң түлектерi, жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған он алты жастан жиырма үш жасқа дейiнгi балаларға арналған мектеп-интернаттардың, зейнеткерлiк жас алдындағы (зейнеткерлiкке шығуға екi жыл қалған) адамдар, мүгедектігі бар адамдар, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және мәжбүрлеп емдеуден өткен адамдар, пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдар, кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызiлiктi, көпбалалы ата-аналар, жетi жасқа дейiнгi баланы, мүгедек баланы, бiрiншi және екiншi топтағы мүгедектердi бағып-күтудi жүзеге асыратын адамдар, қандастар, терроризм актiсiнiң нәтижесiнде зардап шеккен адамдар және оның жолын кесуге қатысқан адамдар басым құқыққа ие болады.

    Халықты жұмыспен қамту орталығы мен арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушi және әлеуметтiк жұмыс орындарына жiберiлетiн жұмыссыз арасында әлеуметтiк келiсiмшарт жасалады.
Әлеуметтiк келiсiмшарт тараптардың құқықтары мен мiндеттерiн, еңбекақы мөлшерiн және оны төлеу шарттарын, әлеуметтiк жұмыс орындарын қаржыландыру мерзiмдерi мен көздерiн қамтуға тиiс.
Әлеуметтiк жұмыс орындарындағы еңбек қызметiн дәлелсiз себептермен өз бетiнше тоқтатқан жұмыссыздар жұмыссыздар ретiнде есептен шығарылады және халықты жұмыспен қамту орталығына қайтадан тiркелген күннен бастап үш ай өткеннен кейiн ғана жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қайта қатысуы мүмкін.

Ал, қоғамдық жұмыстарды халықты жұмыспен қамту орталықтары ұйымдарда ұйымдастырады және бюджет қаражаты шегiнде және жұмыс берушiлердiң тапсырыстары бойынша олардың қаражаты есебiнен қаржыландырылады. Оған қатысуға жұмыссыздардың, жазғы демалыс кезеңiнде студенттердiң және жалпы бiлiм беретiн мектептердiң жоғары сынып оқушыларының, тоқтап тұруға байланысты жұмыспен қамтамасыз етiлмеген адамдардың құқығы бар. Сонымен бірге жұмысынан айырылған жағдайда төленетiн әлеуметтiк төлемдердi алмайтын жұмыссыздар, халықты жұмыспен қамту орталығында алты айдан астам есепте тұрған жұмыссыздар басым құқықты пайдаланады, адамдардың қоғамдық жұмыстарға қатысуы, олардың халықты жұмыспен қамту орталығында тiркелген күнiне сәйкес кезектiлiк тәртiбiнде олардың келiсiмiмен жүзеге асырылады. Қоғамдық жұмыстарға қатысқысы келетiн адамдармен әлеуметтiк келiсiмшарт жасалады. Оған  қатысуды дәлелсiз себептермен өз бетiнше тоқтатқан жұмыссыздар, олардың есебiнен шығарылады және халықты жұмыспен қамту орталығында қайта тiркелген күннен бастап үш ай өткеннен кейiн ғана қоғамдық жұмыстарға қайта жiберiлуi мүмкiн.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: