Қазақстандық оппозиционер, “Бәсе” арнасының негізін салушы Айдос Садық көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оған 18 маусымда Киевте оқ атып, қастандық жасаған еді. Содан бері ол ауруханада жатты. Әйелінің айтуынша, Киев уақыты бойынша 2 маусым сағат 3-те ол жан тапсырды.
“Менің сүйікті жарым, үш баламыздың әкесі, қазақтың біртуар перзенті. Айдос Қазақстан үшін жанын беріп, қанішерлердің қолынан шейіт болды. Айдос он үш күн бойы жансақтау бөлімінде өмір үшін күресті, бірақ ғажайып болмады. Оның өлімі Тоқаевтың ұятында”, – деді Айдос Садықтың әйелі Наталья Садық.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!