Бейсенбі, 25 сәуiр, 20:11

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Руслан Рүстемов мәдениет және спорт басқармасын басқарады

27.04.2022

943 0

Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасының басшысы қызметіне Руслан Рүстемов тағайындалды.

Руслан Рүстемұлы мемлекеттік қызметтің барлық сатысынан өткен, өзін білікті басшы мықты ұйымдастырушы, тәжірибелі тұлға ретінде танытқан азамат. Руханият саласының нағыз жанашыры, идеология саласын жетік меңгерген білікті маман.

Бұған дейін Шиелі ауданы және Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары болған, облыстық тілдерді дамыту басқармасын, ішкі саясат басқармасын басқарған.

Облыс әкімінің орынбасары және Сырдария ауданының, 2 мәрте Жаңақорған ауданының әкімі қызметін атқарған.

Қызмет жолында өңірдің өнер саласын өркендету, мәдени және рухани өмірін дамытуға зор үлес қосып жүрген азамат.

Аймақ басшысы Руслан Рүстемұлын қызметімен құттықтап, өңірдің өнер саласын өркендету, спорт саласын жоғары жетістіктерге жетелеу, мәдени-рухани өмірін дамыту жолында мол тәжірибесі мен білімін аямай, құрылымы қайта жасақталған жаңа басқарманың жұмысын жандандыратынына үлкен сенім білдірді.

© Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: