Жексенбі, 22 желтоқсан, 11:12

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

«Жылу энергетикасы туралы» заң жобасы әзірленуде

12.12.2022

1076 0

Сурет ашық дереккөзден алынды

2023 жылдың 1 тоқсанында еліміздің барлық жылу электр станциясы және электр желілерінің аудиті аяқталады. Бұл туралы ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов айтты.

«Жаңа энергетикалық қуаттарды іске қосу бойынша Ақтөбе облысында жылу электрстанциясында 57 МВт қосылды. 2023 жылы Атырау және Қарағанды облыстарында 225 МВт іске қосылатын болады. Биыл жалпы қуаты 385 МВт болатын 12 жаңартылатын энергия көздерінің жобасы іске асырылды. 2023 жылы қуаттылығы 157 МВт болатын тағы 14 жаңартылатын энергия көздерінің жобасын іске қосу жоспарлануда. Қуаты 1,2 ГВт маневрлік генерация жобалары және қуаты 440 МВт жаңартылатын энергия көздерінің жобалары бойынша аукциондық сауда-саттық сәтті өткізілді», – деді Үкімет басшысы.

Қазір «Жылу энергетикасы туралы» заңның жобасы әзірленіп жатыр.

«2023 жылдың 1 тоқсанында еліміздің барлық жылу электр станциясы және электр желілерінің аудиті аяқталады. Бұған қоса, жылу желілерінің аудиті өткізіледі. Ұлттық электр желісін жаңғырту, оның ішінде Батыс Қазақстанның электр желілерін Бірыңғай электр энергетикалық жүйеге қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде», – деді Премьер-Министр.

Үкімет басшысы әзірленіп жатқан «Тарифті инвестицияларға айырбастау» бағдарламасы электр, жылу және құбыр желілерінің тозуын 20 пайыздық тармаққа төмендетуге мүмкіндік беретінін айтты. Бұл үшін 3,8 трлн теңгеге дейін инвестицияларды тартып, 134 мың шақырымнан астам инженерлік желілерге жөндеу жүргізу қажет. Тиісті ережелер осы аптада бекітіледі.

«Көмірсутектер мен уранды барлау мен өндіру жөніндегі 304 келісімшартты ревизиялау бойынша жұмыс жүргізілуде. Әзірше бұзушылықтар бар 27 келісімшарт айқындалды. Олардың 12-сі бұзылды. Басқалары бойынша жұмыс жалғасуда», – деді Әлихан Смайылов.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: