Жамбыл облысында миллиондаған теңге жымқырып, халықаралық іздеуде жүрген ерлі-зайыпты ұсталды деп хабарлады ІІМ, – деп хабарлайды kursiv.media
Полиция департаментінің мәліметінше, күдіктілер – 40 жастағы ер адам мен оның 45 жастағы жұбайы. Екеуі сенімге кіре отырып, түрлі сылтаумен Астана және Семей қалаларының тұрғындарының шамамен 200 млн теңге көлеміндегі қаражат иемденген. Бірақ оны қайтармастан жоғалып кеткен.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында олардың ұзақ уақыт бойы Жамбыл облысындағы елді мекендердің бірінде таныстарының үйінде жасырынғаны анықталды. Қазір ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
