Қазақстан Үкіметі 2026 жылғы 20 наурызда президент жарлығын іске асыру туралы қаулы қабылдады. Құжатта мерзімді әскери қызметке шақыру және әскери қызметшілерді запасқа шығару мәселелері қарастырылған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қаулыға сәйкес, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдеріне:
- 2026 жылдың наурыз–маусым және қыркүйек–желтоқсан айларында шақыру науқанын ұйымдастыру;
- 18-27 жас аралығындағы, кейінге қалдыру немесе босату құқығы жоқ 43 231 ер азаматты әскерге шақыру;
- шақыру пункттерін медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыру тапсырылды.
ІІМ-не шақырылушыларды жинау және әскерге жөнелту орындарында қоғамдық тәртіпті сақтау үшін күшейтілген кезекшілік ұйымдастыру жүктелді.
Көлік министрлігі Қорғаныс министрлігінің өтінімдері негізінде:
- запасқа шығарылған әскери қызметшілерді;
- Қарулы Күштерге, ІІМ-ге, ТЖМ-ге, ҰҚК-ге және Мемлекеттік күзет қызметіне шақырылған азаматтарды тасымалдауды қамтамасыз етеді.
Қорғаныс, ішкі істер және төтенше жағдайлар министрліктеріне шақырылған азаматтарды және запасқа шығарылған әскери қызметшілерді тасымалдау шығындарын бюджет аясында өтеу тапсырылды.
Қаулы 2026 жылғы 20 наурыздан бастап күшіне енді.
Еске салайық, 2025 жылы Қазақстан Қарулы Күштеріне 42 098 адам шақырылған.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
