Сенбі, 21 желтоқсан, 22:03

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

6 жасар Лиза Пылаеваның ісі: Оны «күйеуінің қызы деген күдікпен өлтірген» айыпталушы үй қамаққа алынды

20.09.2024

303 0

Фото: Stan.kz

Алматыда жұмбақ жағдайда қаза тапқан 6 жасар Лиза Пылаеваның соты жалғасып жатыр. Сот айыпталып отырған марқұмның тәтесі Ольга Шмакованың үйқамақтағы талаптарын қатаңдатты. Себебі ол бұған дейін өзге адамдарға сенімхат беріп, үйін сатуға қойған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Баланы өлтірді деп айыпталғандар қатарында Лизаның тәтесі Ольга Шмакова, әжесі Леонарда Рыжакова, және бағбан Уктам Махмудов бар. 

Кезекті сот отырысында марқұм қыздың әкесі Александр Пылаев сотталушы Ольга Шмакова үшін бұлтартпау шарасын өзгерту туралы өтініш білдірді.

«Бүркіт» жүйесі бойынша шектеу тек бір күнтізбелік жылға қойылады. Сот процесінің ұзақтығына, оның ішінде апелляциялық сатыға шағымдану мерзімдеріне байланысты сотталушыларға қатысты шектеу қойылған сәттен бастап бір жыл өтті. Осылайша, олар Қазақстаннан еркін кетуге мүмкіндік алды. Ал олар ауыр қылмыс жасады», – деді ол сотқа.

Сонымен қатар Лизаның әкесі сотталушы Ольганың 2024 жылдың 19 тамызында өзге адамдарға кеңейтілген өкілеттіктерін беретін сенімхат рәсімдегені туралы мәліметтері бар екенін жеткізді.

«Сенімхат Шмакова құқықтарының барлық салаcын, соның ішінде жылжымалы және жылжымайтын мүлікті басқару, мәмілелер жасасу, мүліктік мәселелерді, сондай-ақ кез келген органдарда, ұйымдарда, құрылымдық бөлімшелерде азаматтық-құқықтық іс-қимылдардың едәуір шеңберін жасауды қамтиды. Сенімхат кешкі сағат 20:00-ден кейін ресімделген. Бұл оның асығып жасағанының дәлелі. Сондай-ақ ол күдікті органдарға ескертусіз тұрғылықты жерін өзгерткен», – деп қосты жәбірленуші.

Тараптарды тыңдағаннан кейін мамандандырылған ауданаралық сот Пылаев келтірген дәлелдерді сенімді деп санады.

«Әлеуметтік желілерде кейінгі уақытта аса ауыр қылмыс жасады деп айыпталған сотталушы тұрған үйді сату туралы растау дәлелдері бар. Ол үшін жаза 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыруды не өмір бойы бас бостандығынан айыруды көздейді. Сондай-ақ сотталушы соттың рұқсатынсыз тұрғылықты мекен-жайын өзгерткен. Сот Шмаковаға қатысты бұлтартпау шарасын өзгерту туралы шешім шығарды » – деді судья.

Бұлтартпау шарасының қатаңдатылуына байланысты енді күдіктіге бірқатар шектеулер қойылды. Оған үйден шығуға тыйым салынады. Тек сотқа келу, медициналық көмек алу, супермаркеттер мен азық-түлік дүкендеріне, дәріханаларға барар кезде ғана болады. Шмаковаға адвокаттар мен туыстарын қоспағанда, процеске қатысушылармен сөйлесуге тыйым салынды. Сонымен қатар сот келісімінсіз адамдарды үйге шақыруға да құқығы жоқ. Интернет арқылы хат-хабар алуға және жіберуге болмайды. Сондай-ақ Шмакова электронды бақылау құралын киюі керек.

Айта кетейік, бұған дейінгі сот отырысында Лизаның әжесі Алла Пылаева өзіне және ұлына таныстары арқылы ақша ұсынғандар болғанын мәлімдеді. 

Лиза Пылаева 2019 жылы  жұмбақ жағдайда қайтыс болған еді. Оның өліміне қатысты сот отырысы әлі жалғасып жатыр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: