Сенбі, 27 сәуiр, 21:46

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Бостандыққа аяқ басқалы жатқан азаматтарға мүмкіндіктер көп

09.08.2023

338 0

          Тәуелсіз елімізде әрбір жанның жеке құқығы бар. Соның ішінде сотталған азаматтар бостандыққа шыққанан кейінгі өмірлерінде еркін өмір сүріп, қоғамға бейімдеп, жұмысқа орналастыру мақсатында Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 тергеу мекемесінде «Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік іс-шарасы өтті.

          Осы орайда, Қызылорда қалалық пробация қызметінің инспекторы Сағымбаев Нұрсұлтан, Қызылылорда қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және тіркеу бөлімінің маманы Әділбек Дамир, Қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалту орталығының маманы Оразбеков Ғалымжан Әнуарбекұлы арнайы шақыртылды.  Тергеу мекемесінің АКАӘПТЖББ-нің бастығы әділет капитаны  Е.Романқұловтың ұйымдастыруымен өткен шарада жазасын өтеп жатқан азаматтардың бостандық кезінде мемлекетке және өзіне пайдасы тиетін игі істер мен айналысу мақсатында бостандыққа шығайын деп отырған азаматтарға жеке  түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

          Алдымен, пробация қызметінің инспекторы сотталғанға босатылғаннан кейінгі құқықтары мен міндеттері, жүріп тұру тәртібі бойынша түсіндірме жүргізіп, бағыт-бағдар берді.  Сонан соң, жұмыспен қамту орталығының маманы ,біліктілікті арттыру, жұмысқа орналасу бағдарламалары бойынша айтып түсіндірді .

          Кездесу барысында І есімді сотталған, бостандыққа шыққаннан кейін өзінің жеке бизнесін бастағысы келетінін айтып, ол үшін не істеу керек екенін сұрады. Енді бірі басқа қалаға жұмысқа тұруға қалай тіркелу керек екенін сұраса, үшінші сотталған азамат қайтарымсыз несие алудың жолын сұрады.

          Қойылған сұрақтарға мамандар тарапынан жауаптар беріліп, қашанда болсын қолдайтындарын айтты.

          Бүгінгі кездесуде әрбір сотталған азаматтарға кез-келген уақытта қолдау білдіріп, осылайша, бостандыққа аяқ басқан азаматтар қоғамға бейімделу жолында қажет барлық мүмкіндіктерді мамандардан ақпараттық тұрғыда алып, қоғамда әлеуметтік бейімдеу үшін  өздеріне барлық жағдайлар жасалғандықтарына көз жеткізді. Өйткені бүгінгі кездесу оларға жөн сілтеп, бағыт-бағдар берілді деді, АКАӘПТЖББ-нің бастығы әділет капитаны  Е.Бегімұлы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: