Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 21:52

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Айбыны асқақ азамат

02.08.2022

766 0

Асқар Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен ІІ дә­режелі «Айбын» орденін табыстау салтанаты өтті.

Салтанатты шарада Президент Жарлығына сәйкес ІІ дә­ре­желі «Айбын» ордені жеке құрамды ұйымшылдықпен басқарып, қызмет бабында қырағылық танытқан №5547 әскери бөлімінің жасақ командирі, майор Мұхит Аманбаевқа табысталды. Ол Қаңтар оқиғасында қылмыскерлерді ұстау кезінде қырағылық танытып, жауынгерлер өмірін ажалдан арашалаған. Жеке құрамды ұйымдастыра білетін қабілеті мен жауынгерлік қызметіне адалдық, көрсеткен ерлігі үшін Мұхит Қайратұлы бұл марапатқа лайық деп танылды.            

– Бұл – жауынгерлік әзірлікте, әскерлерді жоғары жауынгерлік даярлықта ұстауда, әскери және қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы, сондай-ақ мемлекет мүддесін қорғау кезінде жасаған ерлігі үшін берілетін марапат. Мұхит Қайратұлы, сіз өскелең ұрпақ пен еліміздің барша азаматтарына аянбай қызмет етудің, айрықша еңбексүйгіштіктің және нағыз патриотизмнің жарқын үлгісін көрсеттіңіз, – деді аймақ басшысы.

Жиында облыс әкімі отансүйгіш, батыл, адал азамат тәрбиелеп өсірген ата-анасы Қайрат Төлебекұлы мен Бақытгүл Әкімбайқызына да алғыс айтты.

Өз кезегінде майор Мұхит Аманбаев ілтипат көрсеткені үшін ризашылығын білдірді.

– Менің Отанға адал, айналама қамқор болып, еліме қалтқысыз еңбек етуде ата-анамның берген тәрбиесі зор. Осындай қошеметке, осы дәрежеге жеткенім үшін оларға үлкен алғыс білдіремін. Сондай-ақ еңбегімді елеп, ІІ дәрежелі «Айбын» орденіне лайық көрген Мемлекет басшысы мен облыс әкіміне, әскери бөлім басшылығына да рақмет айтамын. Бұл – барлық әскери құрамда қызмет етіп жүрген жауынгерлердің еңбегі, – деді ол.

Шарада жауынгер құрметіне патриоттық әндер шырқалып, әскери өмірдің көрінісі бейнеленді. Сондай-ақ №5547 әскери бөлімінің ардагерлер кеңесі Мұхит Аманбаевқа қазақтың қара домбырасын тарту етсе, басшылық тарапынан ата-анасына сый-сияпат табысталды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: