«ANTIKOR ORTALYGY» сервистік орталығында «Қызылорда облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» РММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдау жұмыстарының нәтижесінде анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне және берілген ұсынымдардың орындалу барысын талқылау мақсатында кездесу өткізілді.
Аталған шараға департамент басшысының бірінші орынбасары Б.Ниязов, көліктік бақылау инспекциясы, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, «ҚТЖ – Жүк тасымалы» қосалқы бөлімі мен «ҚазАвтоЖол» ҰК » АҚ компаниясының өкілдері қатысты.
Жиын барысында Бақытжан Мақсұтұлы өзекті болып отырған техникалық бақылау орталықтарының жұмыс барысын жүйелендіру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға және «Техбайқау» БАЖ-да техникалық байқау операторларына рұқсат беру кезінде, шетелдік рұқсат бланкілерін өңірлік бөлу кезінде, тасымалдаушыларға шетелдік рұқсат бланкілерін беру кезінде және беруден бас тарту кезінде кездесетін тәуекелдерге тоқталып, аталған салада жиі кездесетін кемшіліктерді жою үшін бірқатар ұсыныстар білдірді.
Шара соңында департамент тарапынан автомобиль, темір жол және су көліктерінде жиі кездесетін тәуекелдердің алдын алу бойынша бірлесіп жұмыс атқаруға шақырылды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!