Жұма, 29 қараша, 06:57

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Аудан тұрғындары заңсыз аң аулағаны үшін ұсталды

05.10.2021

1055 0

3 қазан күні сағат 23:30 шамасында Қызылорда облысы ПД-ң Арал аудандық полиция бөліміне «ОХОТЗООПРОМ ӨБ» РМҚ Қызылорда өңірлік филиалы мекемесінің қызметкерінен заңсыз аңшылық туралы хабарлама келіп түскен.

Онда Қаратерең ауылына маңында «ОХОТЗООПРОМ ӨБ» РМҚ Қызылорда өңірлік филиалы мекемесінің қызметкерімен Арал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлескен рейдтік шара барысында 46 жастағы азаматтың басқаруындағы «Нива» автокөлігін тоқтатқанын көрсеткен.

Тексеру барысында автокөлік ішінен 3 аңшы мылтықтары мен 22 қасқалдақ, 68-дана үйрек анықталған.

Оқиға орнына шыққан жедел-тергеу тобымен үш күдікті 46 жастағы, 55 және 52 жастағы аудан тұрғындары ұсталды. Барлық айғақты заттар тәркіленді.

Аталған дерек бойынша Жалағаш аудандық полиция бөлімімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 337 бабының 3 бөлігіне сәйкес (алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған заңсыз аң аулау) сотқа дейінгі тергеп – тексеру амалдары жүргізілуде.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: