Жұма, 29 қараша, 08:38

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Бір жылда 1331 іс қаралған

21.01.2023

609 0

Қазіргі таңда қоғамда ашынатын оқиғаның көптігі жасырын емес. Халқымыз бұрыннан сөз қадірін түсінетін, ортақ мәмілеге келе білетін текті елдің сынығы.  Осы кезде жағымсыз оқиғалар мен  заңсыз жағдайларды шешу үшін сот әділдігіне жүгінеді. Ал былтырғы жылы қандай жұмыстар атқарылды?

Қызылорда қалалық соты өткен жылға қорытынды жасады. Жиынға Қызылорда қалалық сотының төрағасы Дархан Кентбаев пен кеңсе меңгерушісі Айнұр Қараманова қатысты. Сонымен қатар кездесуде аза­маттық істер жөніндегі сот төрелігін жүзеге асыру бойынша қорытындымен бөлісті.

– 2022 жылдың он екі айында сот бұйрығын қабылдау арқылы 1118 азаматтық іс қаралды, ал 2021 жылдың он екі айында 1331 азаматтық іспен жұмыс жасалды. Сондай-ақ қаралған азаматтық істер бойынша 45 жеке ұйғарым орын алса, оның алдында 63 жеке ұйғарым қабылданған. Салыстырмалы түрде бұл көр­сеткіш азайды. Қазіргі күні көбіне  неке және отбасы, тұрғын үй қатынастарымен жұмыс көп атқарылады. Дауларды сотқа дейінгі татуластыру рәсімімен шешуге тырысамыз – деді Дархан Кентбаев.

Жиында жыл бойы қалалық сотта қаралған кейбір істердің бұзылғаны, одан кейін қайта қаралғаны жайлы айтылды.  20 іс тоқтатылып, 11 іс қайта басталған.

Өңірде медиация рәсімін кеңінен қолдану бойынша атқа­рылған жұмыстар оң нәтижесін беруде. Бүгінде айтысудан шар­шаған іс тараптарының өзара келісімге келіп, адамгершілік қатынастары бекемделе түсіпті. Татуластырушы-судья көмегімен шешімі табылған істердің саны көбейген. Өткен жылы төреші Зәбира Абылайқызымен 389 аза­маттық іс медиация тәртібімен сәтті аяқталған.

Кездесуде қоғамдағы алаяқ­тардың айласы жайлы да сөз болды. Шынайы кейіпте көрініп, жалған сөйлеп, адамдарды та­қырға отырғызып кететін сұм­пайылар ісі де жиі орын алуда. Бұл жағдай ортақ шешіммен шешілуі екіталай. Жәбірленуші тараппен байланысып, зиян ти­гізген адамды аса ауыр қыз­метпен ісін қарайтыны жайлы басшы өз ойын жеткізді.

Жиында көбіне татуласты­ру рәсімін дамыту жайлы айтыл­ды. Күнделікті 20-ға жуық отба­сы ажырасуға арыз тастайтыны белгілі болды. Қалалық сот төрағасы аталған қиындықты азайту үшін жұмыс атқарылып жатқанын жеткізді.

Нұрдәурен Жәрдемхан

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: