Елімізде діни экстремизммен күресу және оны алдын алу мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі. Себебі, Қазақстан Республикасы – көп ұлтты, көп конфессиялы, зайырлы мемлекет. Осы орайда экстремистік әрекеттерді тудыратын себептерге баса назар аудару үлкен мәнге ие.
Мемлекеттік ресурстардың басым бөлігі елдің әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге бағытталған. Себебі, бұл сала бір кезеңдері күрделі жағдайда болған соң рухани құндылықтарымызға ден қойылмады, Бүгінде оларды жандандыру, жаңғырту өте маңызды.
Бұл тақырып республикалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі Бақтияр Оспановтың Қызылорда облысы Сырдария ауданында өткен кездесулерінде жан-жақты түсіндірілді. Іс-шара аудандық полиция бөлімінің жеке құрамымен, спорт, денсаулық сақтау саласы қызметкерлерімен және пробация есебінде тұрған азаматтармен сондай-ақ, ауданға қарасты Шаған ауылдық округінің тұрғындарымен өткізілді.
Басқосу барысында теолог әлеуметтік желінің дінге ықпалы, діни радикализм және оның қоғамға әсері, радикалданудың факторлары, қазақы салт-дәстүрмен шариғат талаптарының үндесуі туралы әңгіме қозғап, отбасы құндылығы, ата-ананың балаға берер тәрбиесі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру төңірегінде ойын ортаға салды. Жиын соңында қатысушылар көкейіндегі сауалдарына тұшымды жауаптар алды.
Балауса Сыздықова Қызылорда облысы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің журналист маманы
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!