Сейсенбі, 11 ақпан, 21:40

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№11,2124
11.02.2025
PDF мұрағаты

Дубайда өткен халықаралық жарыста қызылордалық полицей сыннан сүрінбей өтті

11.02.2025

31 0

Дубайда SWAT Challenge халықаралық жарысы өтті. Онда 100-ден астам елдің күштік құрылымдарының арнайы бөліністерінің қызметкерлері бақ сынасты. Биыл алғаш рет бұл жарыста ерлермен қатар әйелдер құрамасы қатысты.

Кедергілер жолағын еңсеру барысында әйел-офицерлер ептілік пен атыс дағдылары бойынша ерлерден қалыспай өнер көрсетті. Дубайдың төрінде өткен жауынгерлер жарысында олар біршама команданы артта қалдырды. Жарыстың үшінші күнінің қорытындысы бойынша 50-ден аса команданы басып озды. “Томирис” командасы барлық сынақтан сәтті өтіп, ерлер командаларымен терезесі тең өнер көрсетті. Нәтижесінде әйелдер арасында Қазақстан құрамасы екінші орынды иеленді. Қазақстанның көк туын желбіретіп, биік дәрежеде Қазақстанның атын шығарған «Томирис» әйелдер командасының құрамында Сыр елінің тумасы Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкері ЖҚАЖ иснпекторы полиция капитаны Төлекова Лаура Қарабекқызы болды. Полицей қыз барлық сыннан сүрінбей өтіп, ерлермен иық теңестіре нәтиже көрсетті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: