Бейсенбі, 05 наурыз, 12:34

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№17 (2229)
03.03.2026
PDF мұрағаты

Емтихансыз жүргізуші куәлігін алмақ болған қыз ірі сомасынан айырылып, алаяқтардың тұзағына ілінді

05.03.2026

83 0

Фото: pexels

Тасқала ауылының тұрғыны емтихансыз жүргізуші куәлігін алмақ болып, алаяққа алданып қалды. Жәбірленуші жүргізуші куәлігін алуға көмектесетін әйел туралы әріптесінен естіп, оған телефон арқылы байланысқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Соттың мәліметінше, екеуі өзара келіскен соң, көмегі үшін алдын-ала 385 000 теңгені екі бөліп аударған. Алайда, уәде етілген қызмет көрсетілмей, ақшаны алған әйел байланысқа шықпай қойғандықтан, алданған қыз полицияға арыз жазуға мәжбүр болған.

«Тәртіп сақшыларымен күдікті ретінде анықталып ұсталған 38 жастағы әйел Орал қаласынын тұрғыны өзінін жасаған алаяқтығын мойындап, қылмысқа ақшаға мұқтаж болғандықтан барғанын түсіндірген. Тасқала аудандық соты сотталушының кінәсін мойындауын және өкінуін, сондай-ақ асырауында кәмелетке толмаған балаларының бар екенін ескере отырып, оны алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танып, жазасының барлық мерзіміне пробациялық бақылау белгілеумен бір жылға бас бостандығынан шектеу жазасын тағайындады», делінген сот хабарламасында.

Бұған қоса сотталған жәбірленушіге ақшасын қайтаруға міндеттелді.    

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: