Пробация қызметінің есебінде тұрған қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жаза түрлеріне сотталғандар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтың және қылмыстың қайталануының алдын алу, сондай-ақ іздеу жарияланған сотталғандардың тұрғылықты жерін анықтау мақсатында 10-23 ақпан аралығында «Есепте тұрған тұлғалар» республикалық профилактикалық іс-шарасы жүргізіліп жатыр.
Аталған профилактикалық іс-шараның басты міндеті есепте тұрған бас бостандығын айырумен байланысты емес жазаға сотталған тұлғалардың тарапынан болатын құқық бұзушылықты және қылмыстың қайталануын уақтылы анықтау үшін, тұрғылықты жерлері, әкімшілік деректер базасы және ішкі істер органдарының басқа да есептері бойынша тексеру болып табылады.
Іс-шараның алғашқы күні қалалық пробация қызметі мен жергілікті полиция қызметі бірлесе отырып, есепте тұрған сотталғандардың материалдық-тұрмыстық жағдайы, нақты қайда және кіммен тұратыны, тіркелу орны, тұрғылықты жері болуы бойынша тексеріліп, профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Қазіргі таңда қалалық пробация қызметінің есебінде 500-ге жуық сотталған есепте тұрады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!