Жұма, 27 желтоқсан, 00:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Есірткі еккен Қызылорда облысының тұрғыны ұсталды

07.07.2022

533 0

«Қарасора – 2022» жедел – профилактикалық іс-шарасы кезінде Қызылорда облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен Қармақшы АПб-нің қызметкерлері бірлесіп жүргізілген жедел іс-шара барысында 58 жастағы қала тұрғынын Қызылорда облысы, Қармақшы ауданына қарасты далалық жерде 766 түп сора өсімдігін еккені үшін құрықтап, ұстады.
Сонымен қатар, полицейлер оқиға орнынан заң бұзушының жеке заттарын, азық – түлік, сора өсіруге арналған арнайы жабдықтар: палатка, генератор, 20 метрлік шланга тәркіледі.
Сараптама қорытындысына сәйкес заттай дәлелдеме ретінде алынған зат жалпы салмағы 3 кг. 550 гр. сора өсімдігі болып шықты.
Күдікті Қармақшы аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына оқшауландырылды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300 – бабының 2 – бөлігімен (ірі мөлшерде құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.
Айта кетерлік жәйт, жыл басынан бері қызылордалық полицейлер есірткі қылмысының 96 фактісін анықтады.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: