Сенбі, 21 желтоқсан, 19:21

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Есірткі заттарын өткізбек болған тұрғын ұсталды

08.04.2021

1384 0

26 наурыз күні Қызылорда облысы ПД-ң Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен жүргізілген жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Қызылорда қаласы, Тасбөгет кентінің   49 жастағы тұрғыны  есірткі затын сату кезінде құрықталып, заттай дәледемелермен бекітілген.

Тағайындалған сараптаманың қорытындысына сәйкес ерекше иісі бар өсімдік тәріздес заттар жалпы салмағы 2,27 гр. «кептірілген марихуана» болып шықты.

Сонымен қатар, күдіктінің тұрғылықты жеріне тінту тергеу әрекетін жүргізу барсында үйінен газет қиындысына оралған 3 дана есірткі заттары алынды.

Күдіктіге ҚПБ-ның  УҰИ-на қамауға алынды. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 1-бөлігімен (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.  

 Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: