Жұма, 03 мамыр, 22:57

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Гендерлік саясаттың маңызы мен қоғамдағы рөлі

23.04.2024

282 0

фото: Н.Нұржаубай

Гендерлік саясаттың даму тарихының шығуы XIX ғасырда басталды деп есептеуге болады. Батыс Еуропа жəне АҚШ елдерінде екі жыныстылардың теңдігі туралы феминистік қозғалыс пайда болды. Бұның негізгі бағыты – əйелдердің сайлау құқығы туралы күрес болды.  XX  ғ. 60-  шы жылдары жаңа гендер  ұғымы пайда болды. Ғылымда осы кезде «гендер» ұғымына анықтама беріле бастады. Онда биологиялық жынысы негізінде қоғамда қалыптасқан əйел мен еркектің əлеуметтік рөліндегі ерекшелігі ретінде қарастырған. Гендерлік ерекшеліктің негізі мынада жатыр: ерлердің бастауы – үстемдік ету, ал əйелдер – бағынушы.

Ұлттық гендерлік саясаттың негізі қаланып, жұмыс істеп келе жатқанына ширек ғасыр өтті. Гендер-бұл ерлер мен әйелдердің мінез-құлқын, сондай-ақ олардың арасындағы әлеуметтік өзара қарым-қатынасты айқындайтын, олардың әлеуметтік және мәдени нормаларымен рөлдерінің жиынтығы. Қазақстан Республикасындағы гендерлік саясаттың негізгі принциптері ерлер мен әйелдер үшін Қазақстан Республикасы Конституциясымен кепілдендірілген тең құқықты және бостандықты орнатады. Гендерлік теңдік саясатының алға жылжуы үшін әйелдерге саяси, экономикалық және қоғамдық өмірге араласу қажет.

Сонымен, гендерлік саясаттың маңызы – қоғам өмірінің барлық салаларында гендерлік теңдік, əйелдерге қатысты барлық түрлі дискриминацияны жою, оларды саяси əлеуметтендіру. Əлеуметтік дискриминация қоғамның барлық саласында кездеседі. Əсіресе, қоғамның саяси өмірінде ерекше айқын көрініс табады. Қазақстанда гендер саясатының белсенді дамуы, ҚР егемендік алғаннан кейін басталды деп есептеуге болады.

Қазір əйелдердің психологиялық қайта қалыптасуы анық байқалады. Қазіргі кезеңде əйелдердің əлеуметтік саяси бейімделуі өте тиімді болуы қажет. Бүгінгі таңда əйелдердің азаматтық белсенділігі байқалады, бұның негізгі көрсеткіші əйелдер қызмет ететін үкіметтік емес ұйымдар санының өсуі болып табылады.

Қазақстанда гендерлік қозғалыс дамуының маңызды бір кезеңі ҚР Президенті жанындағы отбасы жəне əйелдер ісі бойынша ұлттық комиссияның құрылуы болды. Соңғы кездері əйелдердің үкіметтік емес ұйымдарының қызметтерінде маңызды өзгерістер болды. Бастапқы кезде барлық ұйымдар бала жəне əйелді əлеуметтік жағынан қорғау, көп балалы жəне жалғыз басты аналардың, мүгедек аналардың  құқықтарын қорғаумен қатар психологиялық жəне заңдық көмек көрсетеуді қамтамасыз етумен айналысса, ал қазіргі таңда олардың қызметі əйелдердің саяси белсенділігінің денгейін көтеруге, саяси процестегі сұрақтарды шешуде олардың теңқұқылы қатысуына, саяси қатынастарда əйелдердің теңқұқылы субъект болуына бағытталған. Бұрын саясатқа ер адамдарға қарағанда əйелдер саяси тəжірибелері аз денсаулық сақтау, білім салаларынан келетін болатын,  соңғы кездерде жағдай өзгерді, қазір саясатта саяси тəжірибесі өте жоғары заңгер, бизнесмен əйелдер саны өсіп келеді.

Қазіргі таңда қоғамның қай саласында болсын гендерлік теңдікті сақтау маңызды мәселе ретінде қозғалып жүр. «Әйел-қырық жанды» дегендей, қай саланы болсын оның меңгеріп кетеріне шүбә келтірмейміз. Десек те, әйел үшін ең маңызды ұрпақ өрбіту екенін де ұмытпау керек. Қай тұстан алсақ та мәселені екі жақты, яғни қазақы танымнан аттамай әрі бүгінгі заман қарқынына ілесуді негізге алып қарау керек.

         Аяулы ана, ибалы келін, адал жар бола тұра қоғамдық ахуалдың алғы шебінде жүретін нәзікте мейрімді әйелдер қауымы әрқашан аман болсын!

А.Күншығарова

Қызылорда қаласының мамандандырылған

 тергеу соты әкімшісінің басшысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: