Жұма, 29 наурыз, 03:02

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Облыс тұрғыны үйінде заңсыз қару сақтаған

29.01.2022

358 0

«Құқық тәртібі» жедел-профилактикалық іс шарасы барысында 27қаңтар күні сағат 15:06 шамасында Қызылорда облысы Полиция департаментінің Қармақшы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен қызмет атқару барысында 31 жастағы ауыл тұрғынының үйінде ІІО тіркеуде жоқ, 16-калибрлі, 1 ұңғылы, құжатсыз, нөмірсіз аңшы мылтығын заңсыз сақтағаны анықталды.

Анықталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 482–бабының 1-бөлігімен (Iшкi iстер органдарында тiркелмеген тегiс ұңғылы, газды қару мен олардың патрондарын, сол сияқты электрлі қаруды, үрлемелi қуаты 7,5 Джоульдан жоғары, калибрi 4,5 миллиметрден асатын пневматикалық қаруды заңсыз иеленіп алу, беру, өткiзу, сақтау, алып жүру, тасымалдау) әкімшілік хаттама рәсімделіп, сотқа жолданады.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: